Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 маусым, 2020336

Актер Жандос Айбасовтың туған күні

Бүгін қазақстандық актер, режиссер, продюсер әрі каскадер Жандос Айбасов төл мерекесін атап өтуде. Туған күн иесі 31 жасқа келді.

Кино майталманы алдымен зергер мамандығы бойынша Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін, кейін режиссер мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген.

Кино саласындағы алғашқы қадамын Асқар Ұзабаевтың «Жол» картинасында режиссердің көмекшісі болып бастады. Ал, оның кинодағы алғашқы рөлі «Он и она» мелодрамасында болды. Бұдан кейін актер К.Орынбековтың «Ограбление по-казахски» комедиясында және Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмінде рөлдер сомдады.

Актердің қоржынында бұлардан бөлек, талай фильмдер бар. Олардың арасында Кровавый транзит», «Лифт», «По любви», «Золушка Зауре», «Районы», «Тараз» және тағы басқа фильмдері бар.

Жандос Айбасов сонымен қатар танымал қазақстандық «Номад» каскадерлер тобының мүшесі. Осы қызметімен киномайталманы Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де танымал болды. Актер «Марко Поло» атты американдық тарихи телехикаясында, сондай-ақ, «Мулан» атты фильмде каскадерлік қызмет етті. Ал, биылғы жылы ол өзін продюсерлік қырынан да танытты. Актер «Жаным, ты не поверишь» атты алғашқы қазақстандық кара-комедияда Ернар Нұрғалиев, Азамат Дулатовтармен бірге продюсерлік етті.

Актерді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен шалқар шабыт тілеп, жаңа сәтті туындыларды жүзеге асыра беруге тілектеспіз!  

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @zhandos_aibassov

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы