Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 наурыз, 2021326

Актерліктен модельдікке дейін

Қазақстандық актер мен актрисалар өздерін енді подиумда модель ретінде сынап көрді.

Елордада танымал жұлдыздар бас қосқан ерекше сән қойылымы өтті. 2021 жылдың қыс және көктем мезгіліне арналған образдары ұсынылды. Кеш қонақтары мен телекөрермендерге танымал әлемдік брендтердің коллекциялары таныстырылды. Fashion шоудың басқаларынан артықшылығы – сол кештең модельдерінде болды. Себебі, подиумға әдеттегі сәнқой модель бикештер емес, отандық кинофильмдерге түсіп жүрген белгілі жұлдыздар бой көрсетті.

  Әсел Сағатова

 Тәуекел Мүслім 

Санжар Мадиев

@tallangallery.kz

Олар: Санжар Мадиев,  Әсел Сағатова, Тәуекел Мүслім және  Әсел Садуақасова болды. Сонымен қатар, белгілі әнші Қайрат Нұртас та подиумға алғаш рет шығып көрді. Одан бөлек белгілі блогер Жұлдыз Жұман, стилист Ирина Лян, Зарина Байкенова және Айнур Жандау қатысты. Осыған дейін модельдік тәжірибесі болып көрген Тәуекел Мүслім және Әсел Сағатова өздерін подиумда кәсіби модель ретінде сезінгені байқалып-ақ тұрды. Ал әнші Қайрат Нұртас бұл өзі үшін ерекше әрі қызықты тәжірибе болғанын жасырмады.

@tallangallery.kz

“VIVA L’ITALIA by Viled” деп аталған сән қойылымы Италия елінің кешіне арналды. Fashion шоудан бөлек кеште сән әлемінде орын алып жатқан жаңалықтар мен қазіргі тендециялар туралы сөз қозғалды. Шараға Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Паскуале Д ' Авино, VILED компаниялар тобының бас директоры Айгүл Әміржанова және Talan Gallery Бас директоры Галина Зкрияевалар қонақта болды. Кешті танымал тележүргізуші Динара Сатжан жүргізді. Кеш соңында дарынды опера әншілері келген қонақтарға әсем әуендерін арнап тарту жасады. Сонымен қоса, мәдени шара итальяндық шараптардан дәм татуымен аяқталды.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы