Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 сәуір, 2021381

Алғаш рет отандық телесериал 141 миллионнан астам қаралым жинады

Қазақстандық комедиялық сериал YouTube видео-хостингінде 141 миллионнан астам қаралым жинады.

Республикалық телеарна «Жетінші арнада» көрсетілетін қазақстандық «Зың-Зың Күлпаш» комедиялық телехикаясының үшінші маусымы YouTube видео кеңістігінде 141,5 миллионнан астам қаралым жинап рекордтық нәтиже көрсетті. Ситкомның әрбір сериясы YouTube желісінде трендтердің қатарында болды. Сонымен қоса, арнаның ең танымал әрі көрермен көңілінен шыққан жобаларының бірі болды. Отандық телетуындының әрбір бөлімі  1,5-тен 5,5 миллион дейінгі көрсетілімге ие.  

Үш маусым бойы телекөрермендер ойдан шығарылған ауыл тұрғындарының қызыққа толы күнделікті өмірі көрсетілді.  Сонымен қоса, көрермен айналасындағылардың бәріне көмектесуге деген ықыласының арқасында түрлі күлкілі жағдайларға тап болатын басты кейіпкер Күлпаштың өмірін асқан қызығушылықпен бақылап отырды. Бұл отбасы, қазақи салт-дәстүрлер, отбасылық құндылықтар, қайын енесі мен келиннің қарым-қатынасы туралы мейірімді, көңілді комедия. Басты рөлді "Шымкент-шоу" театрының актері Берік Тұрсынбеков сомдады.

«Зың-Зың Күлпаш» - «Жетінші арнаның» алғашқы танымал жобаларының бірі емес. Сонымен қатар, аталған телеарнада Q-eli және «Тек қана қыздар» атты ситкомдарының сериялары 100 миллионнан астам қаралым жинаған еді.

Жақында ғана «Жетінші арнаның» Youtube видео-хостингідегі жеке аккаунтында оқырмандар саны 2,5 миллион жазылушыға жетіп, осы сегментте хабар тарататын барлық қазақстандық телеарналардың арасында ең үлкен аудиторияны жинаған болатын. Бүгінгі таңда YouTube арнасында негізінен өз өндірісіндегі жобалар – көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырған телешоулар мен шоу-бағдарламалар жетерлік.

Жақында «Жетінші арнаның» бас директоры Сергей Майборода алғаш рет YouTube платформасында өз мазмұнын қарау туралы мәліметтермен бөліскен болатын. Тек 2021 жылдың наурыз айында YouTube видео-хостингідегі  "жетінші" мазмұны 41 миллионнан астам қаралым жинаған көрінеді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы