Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 наурыз, 2021229

Алғашқы қазақстандық детективті сериал жарық көрді

Желіде және отандық онлайн кинотеатрларының бірінде тұңғыш қазақстандық детективті сериалдың премьерасы болып өтті. «Я здесь!»  деп аталатын жаңа туындының сюжеті  шиеленіске толы, әрі көрерменін фильм соңына дейін белгісіздікте ұстайды.

Фильмдегі оқиға қыстың бір түнінде орын алады. Полиция қызметкері біртүрлі істі тергейді. Мәселен, бес жұлдызды қонақ үйдің люкс бөлмесінен елге танымал кәсіпкердің баласының қалыңдығы ғайып болады. Ғашықтар келесі күні некелерін қиюы тиіс-тін, алайда амал нешік?! Егер қонақ үйдегі камераларға сенсек, бойжеткен отельден шыққан жоқ, сол этажда жүрген деседі. Полиция салтанатты шараға жиналған қонақтарға отельден шықпауға бұйрық беріп, тергеу шараларын бастап кетеді. Бірден бірнеше мейман күдіктілер қатарына ілінеді. Қызмет көрсетуші персонал да бір нәрсені жасырып әлек. Қыздың бөлмесінде қанның іздері табылған кезде тергеуші оны болашақ күйеуден көреді. Бәлкім, ол ашуға бұлығып, қалыңдықты өлтіріп, денесін тығып тастаған деген күдік туындайды. Бірақ жоғалып кеткен қыздың ұялы телефонына «Мен осындамын» деген хабарлама келіп түскен соң барлығы тіптен, түсініксіз болады.   

«Я здесь» жобасында отандық актерлер Азиз Бейшеналиев, Айсұлу Әзімбаева, Шыңғыс Капин, Мұрат Бисембин, Михаил Токарев, Ғазірет Ержанов, Анастасия Тарасова, Нышанбек Жұбанаев, Жалғас Жанғазин, Данияр Сыбанқұлов, ресейлік кавээнші әрі тележүргізуші Сангаджи Тарбаев және басқа да танымал тұлғалар өнер көрсетеді.

Картинаның бас продюсері Риана Каир, қоюшы режиссері әрі сценарий авторы Светлана Петрийчук. Осыған дейін киногер отандық «Сырғалым» телехикаясы мен «План нации: 100 шагов к успеху» фильміне сценарий жазған. «Я здесь» кинолентасы - оның алғашқы режиссерлік жұмысы.

Детективті драма 2019 жылы кинофильм болып жарық көрді, биыл толықметражды картина толықтырылып, 12 бөлімнен тұратын хикая болып көрерменге жол тартты.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы