Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 ақпан, 2021634

Алла Ильчун туралы не білеміз?

Қазақтан шыққан модель Алла Ильчун (Елшін)  туралы жақында көрермен назарына ұсынылған деректі фильм әлемнің төрт бірдей елінде «Үздік деректі фильм» атағын алып, қазақ кинематографиясын халықаралық дәрежеге тағы бір мәрте көтерген болатын. Дүниежүзілік сән әлемінде айтулы орны мен атағы бар Кристиан Диордың музасына айналған қазақ қызы туралы не білеміз? Өмірдің әрқилы тұстарымен бірме-б ір кездескен Алланың өмір жолында қиындықтар мен бақытты сәттер де көп болды. Ендеше,  өр жігерлі, қайтпас мінезді  қайсар қыздың бойында ерекше сұлулық пен әсемдік ұштасқан Алла Ильчунның өмір жолын бірге саралап көрелік.

Алланың әкесі қазақтан шыққан Қуантхан есімді Елшін тегі 1897 жылы сол кездегі Верный (қазіргі Алматы қаласы) жерінде ауқатты әрі абыройлы отбасында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер. Теміржол саласында қызмет атқарған. Қытайдың солтүстіс- шығыс аймағында орын тепкен Харбин қаласында салынып жатқан әлемдегі ең ауқымды теміржол құрылысына жұмысқа аттанады. Сол қалада тағдырдың қалауымен болашақ жары, Алланың анасы орыс қызы Тамараны кезіктіреді. Небәрі 16 жастағы Тамара өзінен 13 жас үлкен Қуантханға тұрмысқа шығып, дүниеге сәби Алла келеді. Бірақ арадан біраз уақыт өткен соң жапон интервенция басталып, қарапайым тұрғындар арасында тұрақсыз жағдайлар орын ала бастайды. Қуантхан отбасын құтқару үшін әйелі мен қызын алып Шанхайға жолға аттанбақ болып сапарға шығады. Бірақ жолда оқ атылып, атыс жағдайы орын алады. Жалғыз қызы мен жұбайын Францияға аттанғалы тұрған кемеге отырғызып, өз сол жерде қалып қойған Қуантханның кейінгі өмірі белгісіз. Кей деректер мен болжамдарға сенсек, Алланың әкесі Қарағанды қаласындағы ГУЛАГ лагері құрбаны болуы мүмкін деседі.

kulturologia.ru

Францияға келген Тамара біраз уақыт бойы жұмыс іздеп, соңында Парижде орналасқан консерваторияға қайта оқуға түседі. Кейіннен сол жердегі мейрамханалар мен концерттерде өнер көрсетіп жүреді. Ал Алла анасына қолғанат болып, мейрамханада ыдыс жуушы болып жұмысқа кіреді. Сән әлеміне қызығушылығы болмағанмен, оның бойындағы ерекше көркемдік сол кезден-ақ көптің көзіне түскен еді. Сол себептен де, оның сырқаттанып қалған модель құрбысы Алладан Кристиан Диордың кастингіне өзінің орнына қатысуды сұрайды. Көп қыздың ішіндегі Алла сұлуды бірден байқаған дизайнер өзінің сәнді көйлектерін тек сол бикештің үстінен көрді. Француз дизайнері Диор қазақ қызы Алла Ильчунды өз талисманы ретінде бағалаған. Оның небәрі 46-47 сантиметрлік қыпшадай белі, айдай әсем бет әлпеті мен келіскен мүсіні DIOR ұсынған кез-келген образға сән  беретін болған. Сән сахнасында тұрып-ақ Алла киіп шыққан әрбір көйлек сенгісіз жылдамдықта сатылып, қосымша тапсырыстар көптеп түсетін көрінеді. Әлем мойынсұнған атақты дизайнердің баға жетпес модельіне айналған Алла көпшілік үшін сұлулық пен кербездіктің белігісі айналған көрінеді.

boom.ms

Дүниежүзіндегі үздіктер қатарына енген Кристиан Диор сән үйінде ресейлік бірнеше модель қыздар жұмыс істеген. Олардың қатарында Татьяна Кропоткина, Елена Корнилова және Дина Вареновалар бар. Алла Диор үйінің ең алғашқы еуразиялық модельі болған еді. Диордың музасы өз сұлулығы мен заризмасынан бөлек елді өз макияжымен де жаулап алды. Ерекше боялған көз макияжын Алла Елшіннен кейін жиырмасыншы ғасырдағы барлық қыз-келіншектер мен әйелдер қауымы қайталаған. Жұрт көзді өзгеше сызу сол уақыттардан қалыптасты деседі.

vlast.kz

Оның ортасы тек ауқатты зиялы қауым, абыройлы бай шонжарлар болған. Кристиан Диормен біршама жылдар бойы жұмыс істеген Ильчун дизайнер қайтыс болғаннан кейін де ғажап карьерасын әріқарай жалғастырды. Yves Saint Laurent брендінен ұсыныс алған Алла тағы бірнеше жыл бойы аталған сән үйінің келбетіне айналған еді. Француздық фототүсірілімдердің бірінде Майк де Дюльмен есімді фотографпен танысқан Алла нәтижесінде сол азаматқа тұрмысқа шығып, өмірге Марк есімді сәбиін әкеледі. Бірақ жолдасымен ажырасқан соң, араға 19 жыл салып Игорь Мухин деген азаматқа тұрмысқа шығады. Алайда өмірінің соңғы жылдарында Игорьмен де ажырасқан Алла 1989 жылы наурыз айының алтыншы жұлдызында тау бөктерінде шаңғы теуіп, демалыста жүрген кезінде қайтыс болады.

pinterest.ru

Алла Ильчунды оның өмірінде болған жандардың бәрі қытай қызы деп ойлаған. Бірақ өмірінің соңғы күндерінде орыс және француз сән тарихшысы Александр Александрович Васильевті өзіне шақыртып, әкесінің қаны қазақ, шешесінің орыс ұлтынан екендігін жаздыртқан. Тағы бір деректерге сүйенсек, Алланың анасы Тамараның жинаған сүреттер ішінде қызының әкесі Қуантханның фотосуретін байқауға болады. Фотосуреттегі беймәлім ер адамның бөрік пен шапан киген, жылқы ұстап тұрған қазақы салтқа келетіні әкесінің қазақ екендігін көрсетеді. Дүниежүзін өзіне қаратқан Алла Елшіннің тарихы мен ата-баба рухы қазақ жерінде жатқандығына осы секілді естеліктер дәлел бола алады.

vlast.kz

Алла жайында қазақ жұртшылығы аса көп мағлұматтар біле бермегені рас. Ең алғаш рет оның өміріне, шыққан тегі мен атақтан кейінгі өміріне қызығушылық танытқан Берлин Иришев болды. Ол қазақ қызының картинасын Париж дүкендерінің бірінде байқап қалып, суреттегі әдемі бойжеткенді өзіне жақын тартады. Міне, бәрі де осы сәтте және осы картинадан бастау алады.

Суретші Леон Зейтлин 20 ғасырдың ортасында Алла Ильчунның жұмбақ бейнесін өзінің картинасына бейнелеп түсіреді.  Суретшінің картинасы Парижде қарапайым антиквариат дүкенінде ұзақ уақыт тұрып, Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығын басқарған отандасымыз Берлин Иришевке сатылады. Картинадағы бикештің Диор музасы әрі қазақ қызы екендігін танып білген Иришев бірден Қазақстандық өнер қауымына осы жаңалықпен бөлісу үшін хабарласады. Нәтижесінде, өзі Алла туралы мәліметтер іздестіреді, ал картина Қазақстандағы Абылхан Қастеев атындағы өнер мұражайына қойылады. Берлин Иришевке құнды деректерді алуға Диор және Yves Saint Laurent сән үйлері қарқынды қолдау білдіріп отырған. Асылдың тұяғы болып қалған Алланың жалғыз ұлы Мар де Дюльменмен кездесіп, жүздесу авторларға оңайға соқпаған көрінеді. Марк біраз уақыт бойы байланысқа шықпаған.  Бірақ өз анасының қадірменді жан болғанын ұмытпаған Марк анасы туралы бар білген ақпаратымен бөлісуді жөн көреді. Оның айтуынша, нағашы атасы қазақ, ал әжесі оған көп көңіл бөлген. Анасы Алла жұмыс сапарларымен басқа елде жүргенде үйде әжесінің қарауында болған Марк Тамара туралы жылы естеліктерімен бөліскен. Алла Елшіннің ұлының айтуынша, көп түсірілімдер мен фотосессияларға Алла ұлы Маркты алып алатын көрінеді. Кішкентай кезінен танымал мұқабалар мен журнал беттеріне шыққан Марк әкесі секілді өскенде фотограф мамандығын таңдаған. Қазіргі таңда француздық баспада фрилансер фотограф қызметінде жұмыс істейді. Фильмде Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартине де қатысқан еді:

- «Алла Ильчун Францияда болып, осы елдің бір бөлігі болғаны рас. Ол француз өміріне өз мәдениетінің элементтерін әкеліп енгізе алған дара тұлға. Франция өзінің шабытын және құрамдас элементтерін бүкіл әлемде және барлық мәдениеттерде тартқандықтан өркендейді»,- деп өз ойын білдірген болатын.

Берлин Иришев жақын арада «Alla» – восточная жемчужина DIOR " фильмі ағынды платформаларда, сонымен қоса қоғамдық арналарда кеңінен қол жетімді болатынын еске салған болатын. Олардың арасында Netflix және YouTube секілді видеео платформаларда көрсетілуі мүмкін.  

elle.ua

Алла хикаясын зерттеген Берлин Иришевтің айтуынша, модель көпшілік алдында жарқырап, әрқашан әдемі болып жүруді көздеген. Бірақ уақыт өте жүзіндегі әжім мен кей кемшіл тұстары көріне бастағанда көпшілік алдында жүрген Алла бірден жоқ болып кеткен. Ол басқалардың есінде сол жас әрі әсем бейнесімен есте қалғысы келген көрінеді. Иришев жинаған ақпаратқа сенсек, Алла өмірінің соңғы кезеңдерінде күріш экспорттаушы қытай компаниясында жұмыс істеген көрінеді. Авторлардың айтуынша Алла туралы зерттеу басталғанда, модель жайлы кей ақпараттар жеткіліксіз немесе қате көрсетілген екен. Бірақ тынымсыз ізденістер мен қызығушылықтардың нәтижесінде ерекше дүние жарыққа келген болатын. Жоба жетекшілерінің бірі Гүлнар Захарованың айтуынша, біз Алла өмірде қалай фильмде де солай екенін жекізгісі келген. Олар бұл картинамен Алланың шын өмірде қандай адам мен тұлға болғанын көрсетпек болған аңғартады.  Кинолентада Алланыы өмірде танып, білген жақын адамдары да ой бөлісті. Олардың қатарында Марк де Дульмен, Алла Ильчунның жалғыз ұлы, оның ата-анасы Светлана Лобофь, Кристиан Диордың көмекшісі Джон Карлссон және  сән тарихшысы Александр Васильев бар.

buro247

Модель Алла хикаясын баяндайтын деректі фильмді Берлин Иришев басқаратын Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының (АКF) мүшелерінен тұратын шығармашылық топ ұсынған болатын. Берлин Иришев режиссер, идея авторы  сондай-ақ, фильмге продюсерлік еткен адам.

Жақында Алла Елшіннің өмірі мен карьерасы бейнеленген деректі фильм жараққа шыққан еді. Фильмнің режиссері және бас продюсері Берлин Иришев, сценарий авторы Қарлығаш Адиева-Вальме және Гүлнар Захарова. Фильмді әсем әуенмен әрлеген композитор Әлім Заиров. Сонымен қатар, Алла хикаясын суреттейтін кітап та тұсауын кескен еді. Кітапта Алланың өміріндегі тың деректер, ерекше естеліктер мен аса құнды мағлұматтар айтылған. Кітап авторы Берлин Иришев.

express-k.kz

Алла Елшін қазақ тарихында мәңгі есте қалар, өз заманының үздігі болған естен кетпес тұлғалардың бірі болғаны рас. Ол қазақ қызының сұлулығы мен әсемдігінің, кербездігі мен нәзіктілігінің символына айналып қалды. Дниежүзілік сән әлемінде ойып тұрып орын алған Алла Қуантханқызы Елшін қазақ үшін қашанда жарқын әрі қайталанбас тұлғалардың бірі болып қала бермек.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы