Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 сәуір, 2021292

Алматыда «Бизнес по-казахски в Туркияда» фильмінің түсірілімдері аяқталды

Қазақстандық белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың бірнеше бөлімдерден тұратын «Бизнес по-казахски» кинофильмі бүкіл қазақ халқына белгілі. Америка, Африка, Дубай және Оңтүстік Корея елдерінде түсіріліп келе жатқан кинокартинаның келесі бөлімі енді міне қандас ел Түркия жерінде түсірілген еді. Қазіргі таңда өткен жылы қолға алынған түсірілімдер енді Түркияда жалғасын тапты. Ал Қазақстандағы, дәлірек айтсақ  Алматы қаласындағы түсірілімдер 12-14 сәуір аралығында түсіріліп аяқталған болатын.

Актер Жан Байжанбаевтың айтуынша, екі күннің ішінде картинаның алғашқы көріністері түсіріліп, фильмнің 90 пайызы өткен жылдың қыркүйек айында Ыстамбұлда түсірілген.

Фильмде Нұрлан Қоянбаев, Гүлназ Жоланова, Жан Байжанбаев, Дариға Бадықова, Қажет Смағұл, Рамазан Амантай және танымал комедиялық актер Жахан Өтерғалиевтің өзі орындауындағы жаңа кейіпкер көрермендерге ұнаған франшиза актерлері ойнайды. Фильмде көрермендер танымал түрік актерлерін де тамашалай алатын болады. Айта кеткен жөн, Нұрлан Қоянбаевқа және оның командасына ерекше қолдау білдірген белгілі түркиялық актер әрі продюсер Кадир Доуглу болған еді. Екі продюсер қазіргі таңда біршама ауқымды жобаларды қолға алып, көптеген бастамаларға септіктерін тигізіп отыр.

Картина авторларының айтуынша, осы жолғы фильм алдыңғы бөлімдеріне қарағандағы басты ерекшелігі, ол толығымен, 100 пайызға қазақ тілінде болады. Комедиялық кинофильмді көрермен назарына ұсыну осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бұл күндері «I go to school» картинасының қазақстандық кинофильмінің түсірілімі жүріп жатыр, ол «Бизнес по-казахски» кинофильміндегі Еркош (Рамазан Амантай) кейіпкерінің жеке өмірі әрі қызықты хикаясы туралы болмақ. Бұл фильмнің түсірілімі жыл басында Түркияның Алания қаласында басталды.

Естеріңізге сала кетейік, «I go to school» - да әйгілі үнді актрисасы Авика Гор бой көрсететін болады. Ол  елімізде танымал болған үнді телехикаясы  «Келін» сериалындағы басты кейіпкер  Ананди рөлін сомдаған болатын.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы