Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 шілде, 2020549

Алматыда «Шабдалы 18» телехикаясының түсірілімі жүріп жатыр

Алматыда жаңа отандық киноновелла - «Шабдалы 18» телехикаясының түсірілімі өтіп жатыр. Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық арнасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Желідегі жазбаға қарағанда телетуынды әйелдер қауымына арналып, отбасы құндылықтарын насихаттайды.

«Әр түрлі әлеуметтік ортада туып-өссе де, әйел затының мақсаты бір – үй болу, отбасын құрып, әулетінің берекесін арттыру, ошақ отын сөндірмеу. Ұлттық арна әйелдің отбасындағы рөлі мен рухани байланыстарға негізделген «Шабдалы» телехикаясын ұсынады», - деп жазады Ұлттық арна желідегі ресми парақшасында.

Белгілі болғандай, «Шабдалы 18» фильміндегі бас рөлдерді Рүстем Жаныаманов, Гүлназ Жоланова, Дәстен Шәкіров сияқты отандық кинематографияның үздік актерлері сомдайды. Ал, телехикая жаңа телевизиялық маусымда, яғни күздің алғашқы айында арна көрермендеріне жол тартады.

Айта кетейік, Рүстем Жаныманов сондай-ақ, «Келінжан» телехикаясының екінші маусымының түсірілімдеріне де қатысты. «Келінжан-2» телетуындысының түсірілім жұмыстары бірер күн бұрын ғана аяқталды. Бірінші маусымда Қылышбектің рөлін сомдап, көрерменнің көзайымына айналған актердің ойынын көрермен енді күзгі маусымда тамашалайтын болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы