Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 шілде, 2021267

Алматыда екі фильмнің түсірілімі басталды

Алматы қаласында «Агашки по вызову»  және «Спасти друга» кинокартиналарының түсірілім жұмыстары басталды.

«Агашки по вызову» – тағдыр өз кәсіптерін толығымен өзгертуге мәжбүр еткен екі достың өмірі туралы су жаңа комедия. Бұл фильм – Kinopark & ​​Kinoplexx Theatres негізінде құрылған Tiger Films Production-ның үшінші картинасы.  Кинотуындының режиссері Дархан Сәркенов фильм өте күлкілі болатынын айтады. Режиссерлер ырымшыл адамдар, сондықтан ол жаңа фильм туралы толық ақпарат бере қойған жоқ.

Нұржан Еркінұлы, сценарий авторы:

«Фильм сюжеті екі дос туралы, олардың  жұмыстары өздері ойлағандай жүріп жатқан жоқ. Олардың өмірін түбегейлі өзгертетін оқиғалар өрбіп жатыр. Екеуі де электрик. Бірақ олар кездейсоқ шақыртумен жұмыс істейтін еркектерге айналады. Тақырып өте күрделі, соған қарамастан сценарий жеңіл, қызықты әрі күлкілі болып шықты».

Олжас Әлжанов, актер:

«Мен Фернандоның рөлін ойнаймын. Менің кейіпкерім, шын мәнінде, фильмдегі ең қызықты кейіпкерлердің бірі. Бірақ мен бар құпияны аша алмаймын. Барлығын экранда көретін боласыз».

Фильмдегі басты рөлдерді Рүстем Жаныаманов, Ерлан Пірімбетов, сонымен қатар продюсер Баян Алагузова мен әнші Луина сомдайды. Дархан Сәркеновтің айтуы бойынша, түсіру тобының өзі актерлерді қоспағанда, шамамен 50-60 адамды құрайды. Ал актерлік құрам – екінші эпизодтық рөлдерді есептегенде 30-40 адам.  

Фильмді Kinopark & ​​Kinoplexx театрлары компаниясына кіретін Tiger Films Production түсіріп жатыр. Картина жақын арада прокатқа шығады.

Түсірілімі басталып кеткен екінші картина – режиссер Олжас Ыбыраевтың кезекті туындысы. Бұл фильмнің де негізгі сюжеттік желісі үш дос туралы баяндайды.  Әлішер сүйген қызына ұсыныс жасап, одан «жоқ» деген жауап алады. Бұл сәтсіздіктен соң оның әр күні өте көңілсіз өтіп жатады. Оның достары Ерла мен Санжик Әлішерді әдемі табиғат аясында алып шығып, ұмытылмас демалыс ұйымдастырып, оны қайғыдан шығаруды шешеді.

Сыртта жүріп олар екі қызбен (Карла және Зара) танысады және олардың ойын-сауықтары өмірге қауіп төндіретін шытырман оқиғаға айналады. Енді Әлішердің өзі авантюрис достарын құтқаруға мәжбүр. Ерла, Алиш және Зара таңертең ерте тұрғанда Карла мен Санжиктің жоғалып кеткенін анықтайды. Қорқынышты ештеңе бола қоймаған сияқты, бірақ түнде Зараға біртүрлі видео хабарлама келеді. Онда қорқып тұрған Карла өзінің қайда жүргенін білмей дал. Артынан одан әрі қарай жүруін талап еткен Санчоның дауысы естіледі де, хабарлама үзіліп қалады. Достар оларды іздеуге аттанады. Бірақ оларсонда ежелгі рәсімді орындау үшін оларды құрбан етуге дайын сектанттарға тап болады...

Жобадағы басты рөлдерді Данияр Хизметов, Жания Джуринская, Ернар Сакупов, Борис Коновалов және Асель Асқар сомдайды. Фильмнің продюсері – Тимур Бақтыбаев. Фильм жылдың соңында прокатқа шығады деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұл команда (Бақтыбаев пен Ибраев) жақында 7 қазанда прокатқа шығатын «Портье: мальчик на побегушках» фильмінің жұмысын аяқтады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы