Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 сәуір, 2020341

Алматыда жаңа жылдық фильм түсірілді

Осы жылдың ақпан айында Алматы қаласында Тимур Бақтыбаев бас продюсерлік еткен су жаңа "Папа поневоле" атты фильмі түсірілді.

Жаңа жылдық тематикадағы отбасылық комедия 2020 жылдың желтоқсан айында үлкен экранға жол тартпақ. Фильмнің режиссері ретінде қоюшы оператор, мультипликатор Олжас Ибраев тағайындалған. Айта кеткен жөн, бұл Тимур Бақтыбаевтың түсірген кезекті екінші толық метрлік туындысы. Бұған дейін ол " Любовь на миллион" романтикалық комедиясын сахналаған болатын.  

 

 

Сюжеттің  желісі бойынша оқиға 31 желтоқсан күні жаңа жыл қарсаңында орын алады. Фильмнің басты кейіпкері полицейлерден қашып жүріп, олардан жасырыну мақсатында байқаусызда өзге біреудің пәтеріне кіріп кетеді. Пәтерде оны мерекеде әкелерінің пайда болғанын қалайтын, сол үшін тілек тілеп отырған кішкентай ақылды балақайларды кезіктіреді. Осылайша ол жаңа жылдық мейрамда сүйкімді екі балқайлардың амылсыздан «әкеге» айналады. 

Картинаның сценарийін Данияр Күмісбаев жазды, комедияның қоюшы-операторы Нұрайбек Жанібеков болды.

Фильмдегі басты рөлдерді Тауекел Мүсілім, Ернар Сакупов, Әлима Дүйсен, Айбар Таңғыт, Жанель Мақажан, Олжас Әлжанов сынды актерлер сомдайды.

 

"Папа поневоле" картинасы небәрі 15 күн ішінде түсірілген. Продюсердің айтуынша, фильмді түсірудегі басты әрі күрделі жағдайлардың бірі ақпан айында қардың болмауы болды. Бірақ, бәрі де түсірілімнің соңғы күндерінде жауған қардың арқасында ойдағыдай шықты. Қажетті сахналар мен керекті сәттерді түсірілім тобы сәтті түсіріп үлгергенін жеткізді фильм продюсері. 

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы