Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2020460

Әншілер түсірген фильмдер қандай?

Отандық эстрада жұлдыздары үшін сахна тарлық етті ме, кім білсін, енді олар еліміздің кинематографиясына бет бұра бастады. Бірі продюсерлікті қолға алса, ал тағы бірі режиссерлік мамандықты меңгеріп жүр. Отандық әншілердің кино түсіріп, рөлдерді актер мен актрисалармен бірге қатар сомдап жүргені қаншалықты орынды?

Олар таспалаған фильмдер қандай? Біз олар туралы не білеміз? Сол мақсатта, біз әншілер ұсынған кинокартиналарды ұсынамыз.

 

«Махаббат кафесі»

Елге әсем үнімен танымал әнші Ерке Есмаханның киносаласындағы алғашқы туындысы саналатын “Махаббат кафесі” картинасы 2018 жылы жарыққа шыққан болатын. Романтикалық комедияның сюжеті махаббат кафесінде өрбиді. Есмаханның кейіпкері ауылдың қарапайым даяшы қызы. Қалада бұзықтық жасап, ауылға оралған жас жігіт екеуінің арасында махаббат сезімі  пайда болады. Фильмнің басты кейіпкерлерін Ерке Есмахан, Әбунасыр Серіков, Серік Шәріп, Мұрат Нұрасылов, Дариға Бадықова сияқты талантты әрі халыққа танымал актерлер сомдайды. Картина белгілі киногер Асқар Ұзабаевтың режиссерлігімен түсірілген. Фильм 18 күн ішінде Шу өзенінің бойында қарапайым ауылда таспаланды. Әнші тырнақалды алғашқы картинасы жарыққа шыққаннан кейін, кино саласына толығымен бет бұруға қарсы емес екендігін жеткізді.

 

 

«Ұлы дала комедиясы»

 

Өзін «Ұлы дала баласымын» деп таныстырған Төреғали Төреәлі «Ұлы дала комедиясын» көреременге ұсынды.  Сюжет бойынша, қасындағы жақындарын байқамай, атақ пен даңқтан басы айналған жігітті тек өзінің мансабы ғана алаңдатады. Бірақ оны алда тағдыр мүлде басқа толқынға айдап салады. Күндердің бір күнінде танымал әрі атақты әнші қарапайым Талғат есімді шаштараз кейпінде оянады. Міне өміріндегі осындай өзгерістерден кейін жігіт бұған дейін жасаған қателіктерін, жақындарына дұрыс көңіл бөлмегендігін есіне алып, өмірге деген көзқарасын саралап, құндылықтарын таразыдан өткізеді. Өмірлік мәнді тек ақша мен байлықтан іздеген ол жіберген істері үшін қатты өкініп, қиналады. Бірақ қарапайым өмірге түсіп қалған жігіт үшін бұл тағы бір мүмкіндік екенін түсінген ол енді мұндай қателіктерді жібермеу керектігін ұғынады. Ал бұл мүмкіндікті ол қаншалықты қолдана алады екен?

Лентаның режиссері Дархан Саркенов, сценаристі Абдусаид Тулегенов.  Фильмнің бас продюсері әрі Төреғали Төреәлінің әкесі Алиханов Төреәлі.

Картина 23 күн бойы Алматы қаласында таспалаған болатын. Кинодағы актерлік құрам да өзгеше, олар: Төреғали Төреәлі, Мадина Оспан, Дәулет Бижанов, Жанболат Найзабеков, Мадияр Серікбаев, Ғазиз Ерболат сияқты жас актер мен актрисалар.

 

«Арман/ Когда ангелы спят»

Еліміздің хитмейкері Қайрат Нұртас бұл жолы жәй ғана фильм түсіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ ол фильм арқылы өзінің адал жұбайы әрі талантты актриса Жұлдыз Абдукаримованы қалың көрерменге таныстырған болатын. Фильм желісі өмірінде түрлі ауыртпашылықтар мен қиындықтарды көретін қос ғашықтардың драмалық оқиғасы негізінде түсірілген. Картинада зорлық- зомбылық пен зұлымдық көріністері кездесетіндіктен фильмге жас бойынша шектеу қойылған болатын, 18 жасқа тоолмаған көрермендің көруіне тиым салынған. Айта кету керек, басты рөлді сомдайтын Жұлдыз Абдукаримова Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыны түлегі. Фильм режиссері бұған дейін «Үйге қайтар жол», «Сырғалым» және  «Жүрегім менің –Астана» фильмдерін түсірген Рашид Сүлейменов. Картина продюсері әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова.

Айта кеткен жөн, Қайрат Нұртастың бұл алғашқы фильмі емес. Бұған дейін ол «Тағдыр» және «Өкініш» картиналарында бой көрсеткен болатын.

 

 

«Логово»

Халыққа Беркут атымен танымал әнші Айбек Джансеитов өзін режиссерлік қырынан сынап көргісі келді ме, әлде халыққа жаңа жанрдағы өзгеше фильм ұсынғысы келді ме, кім білсін, 2017 жылы прокатқа триллер жанрындағы «Логово» кинокартинасын ұсынды. Фильм желісі экшн-триллер жанрында түсіріліп, кепілділікке алынған жандардың бастан кешірген оқиғалары  туралы баяндайды. Орманға еш алаңсыз демалысқа шыққан достардың уик-энді қылмыстық шабуылмен аяқталады. Басты рөлдерде Айым Алтынбекова, Бауржан Сатов, Айлин Елеукенова, Жанат Байжанбаев сомдаған.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы