Размер шрифта:

Цветовая схема:

11 тамыз, 2020271

Аралдың проблемасы жайында фильм түсіріледі

«Возвращение моря» - бұл Арал теңізінің проблемасы жайында баяндайтын жаңа деректі фильмнің атауы болмақ. Мемлекеттік қаржыландыруға ие болған картинаның түсірілімдеріне қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Режиссер Виктор Вильковскийдің «Возвращение моря» ғылыми деректі фильмі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші жобалар питчингінде «дебюттық кино» жанры бойынша жеңіске жеткен бес жобаның бірі. Киноорталықпен өткізген онлайн әңгіме барысында автор фильм құрлықтардың қозғалысы басталған кезден бастау алатытын айтты. Яғни Қара, Каспий және Арал теңіздері құйған Сармат теңізі қалыптасқан уақыттан негіз алады. Фильм авторлары осының барлығы қалай өзгергенін көрсетіп, Арал мәселесі жайында баяндамақ. Режиссер Аралды студент шағынан бастап зерттеген екен. Мамандығы биолог болуына байланысты Арал теңізіне жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедицияларына да қатысқан.

«Сол кезден бастап бұл идея мені елітіп әкетті. Киноиндустрияда еңбек етіп жүргеніме 10 жылдай уақыт болды. Ал қазір осы жобаны жүзеге асырудың керемет орайы келді», - деді режиссер.

«Возвращение моря» Netflix компаниясы ұсынған бірнеше стандарттар бойынша түсіріледі. Виктор Вильковскийдің ойы бойынша, жобаның ақпараттық қанықтығы фильмнің он жылдан кейін де маңызын жойылмайтындай болуы тиіс. Картинаны жасаушылар фильм балалар тәрбиесінде де ерекше рөл атқарса екен дейді. Нақтырақ айтқанда өскелең ұрпақтың санасында табиғи ресурстарды пайдаланудың мәдениетін қалыптастыруға мән беріп отыр.

Қазіргі таңда «Возвращение моря» фильмінің түсіруші тобы жинақталып, жобаға кеңестік қолдау жөнінде келісім алынған. Туындының ғылыми сүйемелдеуімен Арал теңізі тақырыбы бойынша көпжылғы тәжірибесі бар академик Наталья Огарь айналысатын болады. Сонымен қатар Арал теңізін құтқарудың Халықаралық қорымен де әріптестік байланыс қарастырылған. Ал картинаның операторы болып атақты шебер, ғылыми-көпшілік кино жанрында ВВС сыйлығының иегері атанған Александр Плотников тағайындалды.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы