Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 шілде, 2021263

Ардақ Әмірқұлов – аз да болса саз туындылардың авторы

Бүгін сіздерге қазақтың маңдайына біткен кәсіби киногерлеріміздің шығармашылығын тереңінен танытуды жалғастырамыз. Бұл шығарылымда «Отырардың күйреуі», «Қош бол, Гүлсары», «Абай» секілді қазақ үшін құндылығы жоғары кинокартиналарды жарыққа шығарған Ардақ Әмірқұловтың фильмдері туралы сөз етпекпіз.

Ардақ Әмірқұлов Жамансарыұлы Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Ақкөл аулында 1955 жылы туған қазақстандық кинорежиссер. Ол – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), сондай-ақ Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі (1991).

1988 жылы Ардақ Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік бөлімін Сергей Соловьевтің шеберханасында бітірген.  Кинематография саласында жұмыс істемес бұрын ол артына бай өмірлік тәжірибе жинады: ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде оқыды, Жамбыл облысында аудандық мәдениет үйінде жұмыс істеді, әскер қатарында болды, содан кейін Маңғышлақ мұнай кен орындарында екі жыл қызмет етті.

1981 жылы Шәкен Айманов «Қазақфильм» атындағы киностудия жанындағы кинорежиссерларды даярлауға арналған бір жылдық курсқа оқуға түседі.  Содан кейін ол өзінің алғашқы қысқаметражды фильм-дебюті «Аңшы» картинасын түсірді. Қазірдің өзінде бұл шағын кинотаспа Әмірқұловтың әдеби материалдарды көркемдік тұрғыдан түсініп, мықты фильм туындыларын жасауды білетін, жетілген, шығармашылық адам екенін көрсетеді. Дебюттік фильм сонымен қатар режиссердің түсіру тобын ұйымдастыра алатынын және оны кино концепциясын жүзеге асыруға толық әлеуеті жететінін дәлелдеді. Ардақ Әмірқұлов осы кезеңдерде өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, көп жазып, өзінің шығармашылық идеяларын сценарий түрінде дамытуға тырысады.

1984 жылы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтына (Сергей Александрович Соловьевтің шеберханасына) ашық конкурс арқылы оқуға түсті. Кинематографиялық университетте оқу оның кинодан алған практикалық білімін жүйелеп, енді болашақ мамандығын анықтауға көмектесті. 1986 жылы «Қазақфильм» киностудиясында өзінің қорытында дипломдық жұмысына айналған «Бедерлі жерлерде тактикалық соғыс ойыны» атты қысқаметражды оқу фильмін түсірді.

Ә.Әмірқұлов 1992-1996 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас директоры қызметін атқарды. Ал 1996 жылдан бастап «Ард-Фильм» жеке студиясын басқарады. 2001 жылы А.Әмірқұлов Т.Жургенев атындағы Өнер академиясында кинорежиссерлер курсын шығарды. Бүгінде оның студенттері түрлі халықаралық кинофестивальдерге қатысып, сыйлықтар мен марапаттарға ие болып жүр.  Әйгілі киногердің елінде еңбегі еленіп,  2005 жылы «Құрмет» орденімен, 1998 жылы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының медалімен  марапатталған. Режиссерліктен бөлек, Әмірқұлов сценарий жазу өнерінде де өзін байқап көріп, бірнеше фильмдермен жұмыс істеді. 1982 жылы «Құлын» («Жеребенок») қысқаметражы картинасының сценарийін жазды. Кейін 1988 жылы Рүстем Тәжібаев түсірген «Мутанттар» толықметражды көркем фильмінің оқиғалар желісін З. Ерғалиевамен бірлесіп жазды. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген картина заманауи қаладағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертеді. Оларды рок-музыкаға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Қымбат синтезаторды сатып алу үшін олар бәріне дайын: жерлеуде музыка ойнайды, тіпті көліктің әйнегін ұрлайды.

«Отырардың күйреуі» (1991)

1987 жылы «Қазақфильм» киностудиясы сол кезге дейін әлі ВГИК-те білім алып жатқан Ардақ Әмірқұловқа күрделі сахналанған «Отырардың күйреуі» тарихи картинасын түсіруді сеніп тапсырады. Жас режиссер ұлттық тарихи тақырыпты түсіруге ұзақ уақыт бойы ұмтылған болатын, бірақ мұндай жауапты жобаны жүзеге асыру үлкен батылдықты қажет етті. Ол Шыңғыс хан шапқыншылығымен байланысты барлық тарихи материалдарды мұқият зерттеді. 13 ғасырдағы оқиғаларды бейнелейтін көптеген көркем әдебиеттерді оқып, осындай даулы және басқаша түсіндірілген тарихи әдеби тақырыпты кинематографиялық репродукциялаудың кілтін іздеді. Қоқан хандығының моңғол әскерінің қысымымен қалай құлағанын зерделеді. Сондай-ақ Жібек жолында орналасқан сол кездегі ең әдемі қалалардың бірі ғалымдар мен қолөнершілердің, саудагерлер мен ақындар қаласы,  ең көне қолжазбалары бар ең бай кітапханасы бар  Отырар қаласының моңғол шапқынышылығы салдарынан қандай зардап шеккені туралы да көп ізденеді.

Бірақ барлық қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, Әмірқұлов картина көрермендерінен, тарихшылардан, киносыншылардан және халықаралық қауымдастықтан жоғары бағаға ие болған тамаша туындыны көрерменге тарту етті. Фильм 1991 жылы Канаданың Монреаль қаласындағы халықаралық кинофестивалінде FIPRESCI (Халықаралық кинофильмдер қауымдастығының сыйлығы) сыйлығымен, 1992 жылы Португалиядағы Фигуэйра-де-Фох кинофестивалінде«Күміс тақта» сыйлығымен, 1992 жылы Түркменстан мемлекеті, Ашхабадта өткен бірінші «Күміс жарты ай» халықаралық байқауының басты сыйлығымен, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды, сонымен қатар «Оскар» академиясының сыйлығына ұсынылды, бұған режиссердің 1992 жылы алған сертификаты куә. Одан бөлек, Ресейдің Сочи қаласында өткен «Кентавр» кинофестивалінде актер Д. Қадырәлиевке арнайы сыйлық табысталды. Тарихи драма жоғарыда аталғандардан бөлек те бірнеше халықаралық фильм фестивальдеріне қатысып, әлем көерерменінің ыстық ықыласына бөленді.

Тарихи жанрдағы фильм сюжеті он үшінші ғасырда қазақ жерінде орын алған оқиғаларды бейнелейді. Ежелгі Отырар қаласы қазақ өркениетінің бесігі болған. XIII ғасырдың басында қаланы Шыңғыс ханның әскерлері жаулап алады, ол кезде хан 64 жаста еді. Шыңғыс ханның жасақтарына жасырын жол ашқан ержүрек Унжу құлдықтан мыңбасы қызметіне жеті жыл бойы көтеріліп, шайқастың барлық қыр-сырын үйренеді. Шыңғысханның өз қолын Орта Азияға жіберуге шешім қабылдағанын білген Унжу Хорезм хандығына алдағы қауіп туралы хабарлауға асығады.

79 минуттан тұратын екі эпизодтық кинокартинаның сценарийін жазған шығармашылық жандар – Алексей Герман мен Светлана Кармалита болса, операторлары Сапар Қойчұманов пен Әубәкір Сүлеев, ал әуенмен әрлеген композитор Қуат Шілдебаев болды. Басты рөлдерді Доғдурбек Қыдырәлиев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Болот Бейшеналиев, Абдурашид Махсудов, Заурбий Зехов, Қасым Жақибаев, Сабира Атаева, Петр Морозов, Шаймерден Хакімжанов, Әли Тухужев, А.Ашиконов, Сүрэн Хугаев тәрізді өз ісінің шеберлері сомдады.

«Абай» (1995)

Тілге тиек болып отырған режиссердің кезекті толықметражды фильмінің өндірісін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы D'ATKino (Алматы), ACC (Париж) қатысуымен жүзеге асырды. Кинокартинаның операторлары – Хасанбек Қыдырәлиев, Әубәкір Сүлеев. Кинотуындының қызықты сценарийі – Лейла Ақынжанова, Серік Апрымов, Мұхтар Әуезов, Александр Баранов секілді төрт автордың бірлескен жұмысы. 1995 жылы 7 тамызда тұсауы кесілген туындының ұзақтығы – 135 минут.

Фильмнің сюжеті қазақ ағартушысы Абайдың қайғылы өмір тарихына негізделген. Ақын 19 ғасырда шығармашылық қызметпен айналысқан. Ол саясатқа да бей-жай қарамады. Ол – Қазақстанның жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Оның керемет реформалық бастамалары ақынды ұлы бірақ бақытсыз етті.

«Абай» драмасы Ибрагим Құнанбаевтың өмірбаянына негізделген. Абай деп оны әжесі атаған. Кейіннен бұл лақап ат қоғам қайраткеріне әбден сіңіп кеткен. Басқаша айтқанда, бұл сөз сақ немесе зейіндідеген мағынаны береді. Жергілікті интеллигенция оны Қазақстанды жаңа деңгейге шығара алған нағыз рухани көшбасшы деп санайды. Шығармашылық еңбектері мен оның серпінді ойлары болмаса, қазақ әдебиеті көптеген жылдар бойы тоқырауға ұшырауы мүмкін еді. Құнанбаев фигурасының маңыздылығы мыңдаған жанкүйерлер мен еліктегіштерді тудырды, бірақ оның ойшылдығын адамдар да болды. Ол адамдар үшін әлі де көп еңбек қалдыра алар еді, бірақ ол кенеттен қаза болды

Драмада басты рөлді Ғабиден Тұрықбаев ойнады, ол үшін бұл образ қалың көрерменге белгілі жалғыз образға айналды. Одан бөлек, қосымша рөлдерге Тұңғышбай Жаманқұлов, Болот Бейшеналиев, Фарида Жантелова, Димаш Ахимов, Өмірзақ Шманов, Дохдурбек Қыдыралиев, Бикен Римова, Гүлнара (Гүлнар) Рахымбаева, Райхан Айтқожанова, Болат Мажағұлов, Ерғали Оразымбетов, Мұхтар Бақтыгереев секілді актерлер шақырылған. Картина Франциямен бірге түсірілген, ол көрермендердің жақсы бағасына ие болды. Кинотаспа 1997 жылы Ташкенттегі «Күміс Семург» сыйлығына,  1998 жылы Гатчинада (Ресей) өткен IV орыс «Әдебиет пен кино» кинофестивалінде «Қоғамдық жастар қазылар алқасының сыйлығына» және Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының медаліне қол жеткізді. Картина әсіресе Қазақстанда ерекше бағаланады, өйткені халқымыз үшін Абай – өз заманының көшбасшысы. Кинотуынды ұлы ойшылдың 150 жылдық мерейтойына орай түсірілген.

«1997. Рүстемнің суретті жазбалары» (1999)

Әмірқұлов бұл фильмде режиссуралықтан бөлек, продюсерлікті де қатар алып жүрді. Картина режиссердің «Ардфильм» кинокомпаниясының студиясында түсірілді. Сюжеті қызыққа толы кинотуындының сценарийін Ержан Рүстембеков пен Нариман Төребаев жазған. Ал операторлары Ренат Қосай мен Александр Рубанов, қоюшы-суретшілер Лариса Решетова, Ғазиз Тілеулин болды. Фильм композиторы – режиссермен үнемі әріптестік байланыста болатын Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерді сомдауға Асель Шаймухамбетова, Ержан Рүстембеков, Талғат Жаныбеков, Аружан Саин, Бақытжамал Купиялова, Ғазиз Тілеулин, Жайық Сыздықов, Сергей Макиенко секілді актер-актрисалар шақырылған.

Фильмніңбасты кейіпкері – он сегіз жасар Рүстем (Ержан Рүстембеков) өзінің іскер әпкесі Мәдинадан (Аружан Саин) сияқты емес. Ол жалқау әрі селқос, ол әлемге салқын көзбен қарайды, оның көңілінде басқаларға немқұрайлылық пен қатыгездік басым. Мико (Асель Шаймухамбетова) атты бейтаныс қыз Рүстемнің «қорғаныш қабығын» алғашқы махаббаттың нәзік сезімімен аршып алуға тырысады. Кинотаспа 80 минут экран уақытына шақталған.

«Қош бол, Гүлсары» (2008)

2008 жылы Ардақ Әмірқұлов қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» деп аталатын шығармасының желісі бойынша сол аттас фильм түсіріп, жарыққа шығарады. Әйгілі жазушының драмаға толы туындысын экранға бейімдеп сценарийін жазған Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ержан Рүстембеков болды. Кинокомпозитор ретінде бұл жолы да режиссердің сенімді серігі Қуат Шілдебаев еңбек етті.

Кинотуындының оқтиғасы 1950 жылдардағы Кеңестік Қазақстанға көшірілді. Фильмде коммунистік колхозшы Танабай бастан кешкен кеңестік кезеңнің барлық драмасы өмір бойы бірге жүрген асыл тұқымды жылқысы Гүлсарыға қарым-қатынасы арқылы беріледі.

102 минуттық фильммен жұмыс бір жылдан астам уақытты алды, түсірілім Алматы облысының Ұзынағаш ауылының маңындағы тау бөктерінде өтті. Фильмнің түсірілімі 2006 жылдың ақпанында басталып, үш жарым айға созылды, бірақ қаржыландырудың баяу болуына байланысты фильм 2008 жылы 7-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен 5-ші Еуразия кинофестивалі басталғанға дейін ғана аяқталды.

Басты кейіпкер Танабайдың рөлін сомдаған қырғыз актері Доғдурбек Қыдыралиев бұл рөлге үш жыл дайындалып, 13 келіге арықтады. Гюльсары жылқысын Тараз қаласындағы жылқы зауыттарының біріндегі Гарпун атты айғыр ойнады. Олардан бөлек, фильмде Райхан Айтқожанова, Жанел Мақажанова, Нұрлан Сегізбаев, Ерболат Оспанқұлов, Есболған Өтеулинов, Болат Әбділманов, Игорь Сейфуллин секілді әртістер өз шеберліктерін көрсетті.

Кинофильм жарыққа шыққан бойда Астана қаласында өткен «Еуразия-2008» халықаралық кино фестивалінің бас жүлдесін қанжығалады. Басты рөлдегі әйел образын сомдаған Райхан Айтқожанова Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер-2008» тәуелсіз сыйлығының «Үздік әйел рөлі үшін» номинациясын, 2008 жылғы Ыстықкөлде өткен халықаралық кино байқауда «Үздік режиссер» (Ардақ Әмірқұлов) және «Үздік актер» (Доғдурбек Қыдыралиев) сыйлықтарын, 2010 жылы Германияның Котбус қаласында өткен 18 -ші Шығыс Еуропа кинофестивалінде «Көрермендер көзайымы» марапатын,  тағы да сол жылы Гатчинадағы «Әдебиет және кино» XVI орыс кинофестивалінің қазылар алқасының арнайы сыйлығын және тағы да басқа көптеген әлемдік байқаулардың жүлделерін жеңіп алды.

Картинаның өндірісімен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудисы мен «Ардфильм» кинокомпаниясы айналысқан.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы