Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 қазан, 2020382

Артхаус дегеніміз не?

Кинематографта авторлық кино феномені сияқты дау мен эмоцияларды туғызып, көрермендер мен киносыншыларды осыншалық еліктіретін басқа ештеңе жоқ. Қызығушылық, абыржу, қуаныш пен жиіркеніш сияқты эмоциялар жиынтығын көрермен тек бір ғана киноның премьерасында сезінуі ғажап емес. Ал осы артхаус дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабын іздеп көрелік.

«Артхаус» ағылшын тілінен аударғанда «өнер үйі» дегенді білдіреді. Оның атауы Еуропада коммерциялық емес киноның прокатымен айналысатын мамандандырылған кинотеатрлар ашылғанда пайда болған деседі. Прокаттың қалған бөлігі бұқаралық киноөнімге – былайша айтқанда «мейнстримге» берілді. Бұл, айтпақшы, «негізгі бағыт».  

Киносыншылар киноматографтың бұл бағытына (артхаус) үнемі анықтама берумен келеді. Біреулер оны «көркемдік ізденіске, кинематографтағы жаңашылдыққа үміткер фильмдерді біріктіруші бағыт десе, ендігілер бұған шағын киностудияларда түсірген барлық фильдерді жатқызады. Алайда бәрі авторлық киноны ештеңемен шатастыруға келмейді деген пікірмен бірауыздан келіседі.

Артхаус – бұл кинематографтың ерекше бағыты. Мұндай жобаларды қаржыландыруға демеушілер аса құштар емес. Қарапайым сөзбен айтқанда, көп жағдайда бұл амбициялары зор және шағын бюджетті фильмдер.    

Артхаус феномені қашанда эмоцияларды, кейде тіпті, шектен тыс мөлшердегі эмоцияларды тудырады. Бұл ағын жайында әр көрерменнің дерлік жеке пікірі болады. Авторлық фильмдер, аса сәтті шықпағандары болса да, ерекше атмосферамен, стилі және ырғағымен ерекшеленеді. Олардың өзінің бөлек энергетикасы бар. Авторлар фильмдерінде үнемі бейнеқатарды ғана емес, бүкіл туындыдағы атмосфераны бүге-шүгесіне дейін ойластырады. Жапондық режиссерлер мен сценаристер бұл бағытқа жақсы еніп кетті. Мәселен, медитативті атмосфера, театрлық – олардың қандарына сіңіп кеткен қасиет.

Артхаус – бірінші кезекте тәжірибелік кино. Дәл осы себепті оларды қаржыландыруда үнемі проблема бар. Шынайы суретші көрерменді қызықтырудың амалын табады. Фильм соңында аса қызықты емес кейіпкер ерекше қылық танытуы мүмкін, болмаса бүкіл фильм бойы көне орындыққа қағылып-сүрініп жүріп, оны сатқаннан қомақты ақшаға кенеліп, байға айналуы бек мүмкін. Финалды алдын-ала болжау мүмкін емес.

Артхаус – бұл фильм пішіні мен мазмұны шексіз тәжірибеге толы туынды. Егер көрермен авторлық киноны тамашалауға өз еркімен келген болса, артхауста кез келген кейіпкер, тіпті ең бастысы болса да – екінші деңгейдегі тұлға екендігін біледі. Сюжет, кейіпкерлер мен образдар – бұл небары ең маңызды, көкейде жүрген ойды жеткізудің тәсілдері. Авторлық кинода бір құмалақ бір қарын майды шірітуі мүмкін, бұл дегеніміз - бір ғана жалғандық сезілсе, бүкіл картина бұзылады. Артхаус қанды көріністерге, истерикалық, созылған, тіпті байланыссыз болуы мүмкін, бірақ болжамды болмауы хақ. Оған ешбір авторлық фильмнің хақы жоқ. Өзге бағыттағы фильмдерден айырмашылығы да осында.  

Осы орайда артхаустың болашағы бар ма деген сұрақ туындайды. Әрине. Оны бірнеше жылдар бойы отандық киногерлер дәлелдеп келеді. Атап айтқанда, режиссерлер - Дәрежан Өмірбаев, Серік Апрымов, Эмир Байғазин, Әділхан Ержанов, Шарипа Оразбаева, Жасұлан Пошановтар және басқа да көптеген киноматографистер. Бұл күндері артхаусты картиналар мен оларды жасаушы режиссерлер арқылы әлемдік кино қауымдастығы қазақстандық киномен жақсы таныс. Осыдан үш-төрт жыл бұрынғы кезде кем дегенде екі жылда бір рет, ал соңғы жылдары жыл сайын отандық картиналар «А» класстағы фестивальдерге қатысып келеді. Мысалы, 2013 жылы Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» фильмі Берлинде өткен кинофестивальде «Күміс аю» сыйлығына ие болған. Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмінің әлемдік премьерасы 2013 жылы Венецияда өтті. Мұнда картина фестивальдің негізгі байқауына енген болатын. 2015 жылы Әділхан Ержановтың «Хозяева» фильмі Канн кинофестивалінде көрсетілді. Сол жылы Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» картинасы Мәскеу кинофестивалінде жүлдеге ие болды. Соңғы үш жылда да отандық авторлық кино Локарно, Венеция, Канн сияқты үлкен халықаралық кинофестивальдерде өздерінің әлемдік премьераларын өткізіп, жүлделі оралған. Сондықтан идея мен даму, қолдау мен талант бар жерде авторлық кино әлі талай жасай бермек. Айта кетейік, өткен жылы елімізде отандық фильмдерге қолдау көрсететін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған болады. Бір жарым жылдың ішінде кино орталағы талай қазақстандық киногерлерге қолдау білдіріп, жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік қаржы бөліп берді. «Ұлттық фильм» мәртебесіне бұқаралық көрерменге бағытталған коммерциялық көркем туындылар және анимациялық фильмдермен қатар халықаралық кинофестивальдерге қатысуға әлеуеті бар жарқын авторлық картиналар үміткер бола алады. Биыл осы бағытта түсірілетін бір отандық жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.  

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы