Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 мамыр, 2020351

Әскери фильмдерде бой көрсеткен актерлер

Жақын күнде мамырдың айтулы күндерінің бірі - барша Отан қорғаушылардың мерекесі. Елін қорғап, қызметіне қашанда адал бола білген жауынгерлеріміздің құрметіне отандық кинематографияда қаншама картиналар түсірілген. Ал ол кинофильмдерде әскерилердің рөлін кәсіби түрде сомдап шыққан қазақстандық актерлер туралы не білеміз?

Еркебұлан Дайыров

 

Отандық телесериалдар мен киноларда жиі бой көрсетіп жүретін елге белгілі актер Еркебұлан Дайыров. Ол 1986 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған. 2004 және 2008 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім нәрімен сусындап, музыкалық театр және эстрада бойынша аяқтаған. 2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. Актерлік карьерасында классикалық жанрдан бастап, криминал, комедия тіпті заманауи драматургияға дейінгі қойылымдар, фильмдер мен сериалдар жетерлік. 2009 жылы “Ойпырмай” картинасында эпизодтық рөлден бастаған актер  2011 жылы халықтың сүйікті фильміне айналған талантты режиссер Ақан Сатаевтың “Жау жүрек мың бала” атты туындысында өз рөлін керемет алып шықты. “Тағдыр”, “Парыз”, “Бекзат”, “Тобол” және “Томирис” сынды отандық картиналарда бой көрсетті. Сондай-ақ, айта кеткен абзал Дайыровқа берілетін рөлдердің басым бөлігі тек басты рөлдер ғана. Мәселен,  “Дорога домой”, “Бродяга/Жат”, “Шлагбаум”, “Сүйе білсең”, “Қазақ Хандығы”, “Тараз”, “Қарлығаш ұя салғанда”, “Әмре” және “Балуан Шолақ” сияқты халыққа белгілі туындыларда актер Еркебұлан Дайыров өзінің шеберлігімен көрерменді баурап келеді. Сонымен қоса, актердің типажы өжет, нағыз ержүрек жігіттің рөлін сомдайтын кейіпкерлерге сай келетіні рас. Оны біз халқымыз үшін мәңгі қаһарман, даңқты жауынгер, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы Бауыржан Момышұлының құрметіне таспаланған “Бауыржан Момышұлы” картинасын айта аламыз. Актердің бұл туындыда дәл сол батырдың, батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлының рөлін сомдайды. Фильм жауынгердің майдандағы өмірін, еңбек жолындағы кездесетін қиындықтар мен әртүрлі орын алатын шытырман жағдайларын баяндайды. Картина 2013 жылы көрермен назарына ұсынылған. Фильмдегі Бауыржан Момышұлының жұбайының рөлін танымал актриса Әсел Сағатова сомдаған. Сонымен қоса, кинода Саят Исембаев, Бахтияр Қожа, Еділ Рамазанов және Марат Абдуллаев сынды актерлер ойнаған. Фильм көрермен көңілінен шыға білді. Келесі жылы Еркебұлан Дайыров Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" медалімен марапатталынып, зор құрметке ие болды.

Еркебұлан Дайыровтың қазақ өнер жолына қосқан үлесі зор. Ол 2013 жылы Қазақстан Жастар Одағының ұсынысымен "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды. Сондай-ақ, актер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын 2018 жылы 14 желтоқсанда алды. Бұдан бөлек, ол тек отандық емес, шетелдік кино саласында айтарлықтай атаққа ие. Мәселен 2015 жылы көрші Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласында өткен Халықаралық кинофестивалі даярлаған ерлер арасында рөлді үздік орындағаны үшін берілетін "Күміс Георгий" сыйлығының иегері атанды. Бұл отандық актердің ерен еңбегі мен өз кәсібіне адалдығының көрінісі екені айғақ.

 

Саят Исембаев

 

Қазақстандық актер Саят Исембаев 1975 жылы 16 қазанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1993  жылы А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін аяқтайды. Училищеде оқыған уақытында актерлік шеберлік және театр тарихы бойынша сабақтар алады. Саят Исаевтің кинодағы карьерасы 1997 жылы режиссер Марат Ибраевпен таныстықтан кейін басталады. Себебі, сол кездегі Саяттың бойынан актерлік қабілет пен дарынын таныған дәл осы режиссер Марат Ибраев болды. Киногер актерге үміт артып “Десант” әскери фильміндегі рөлді сомдауға ұсыныс білдірді. Ал актер дәл осы фильмнен кейін әрқарай көптеген картиналардан бой көрсетіп үлгереді. Оның қатарында “Каждый взойдет на Голгофу” және “Плач о матери о манкурте” сынды фильмдер болды. Сондай-ақ, актерге ерекше танымалдылық алып келген “Рэкетир” туындысы екені рас. Картина отандық танымал Ақан Сатаевтың режиссерлігімен түсірілді. Сол кезде бұл фильм халық арасында қызу талқыланды, ал қазір шығарма отандық киноматографиядағы айтулы картиналардың бірі болып қалды. Актердің фильмографиясына үңілетін болсақ ол сомдаған картиналардың басым көпшілігі елге белгілі, атақты болған кинофильмдер екенін тез аңғару ғажап емес. Мысалы олардың қатарынан “Рэкетир”, “Вопреки всему”, “Сказ о розовом зайце, “Ағайынды” сияқты фильмдерді көруге болады. Саят сомдаған әскери “Десант” және “Бауыржан Момышұлы” шығармалары да көрермен көзайымына айналды десек артық айтпағанымыз болар.

 

Ұлан Болатбек

 

Ұлан Болатбек 1990 жылы шілденің он бірінші жұлдызында Алматы облысында туған. Туған жері Райымбек ауданының Жылысай ауылы болып келеді. Актер Ұлан Болатбек қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында “Музыкалық театр” актері мамандығы бойынша тәмәмдайды. Сол жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрында қызмет атқара бастайды. Театрда біршама қойылымдарда басты рөлдерді сомдайды. Актер 2013 жылы көрерменнің назарына ерекше іліккен “Көк тарландар” әскери телехикаясында бой көрсетеді. Сериалдың режиссері ретінде актер әрі сценарист Ержан Рүстембеков таңдалып аланады. Картина әсери өмірдің қаншалықты қиын екенін көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпақты отанды сүюге, әрқашан оны қорғап қалуға және намысшыл болуға үйретеді.

 

Дастен Шәкіров

 

Отандық белгілі актер Дастан Шәкіров 1987 жылы қыркүйектің жиырма жетінші жұлдызында Алматыда туған. Жастайынан өнерге жақын болған актер кішкентай кезінен-ақ, фортепиано сыныбына қатысқан. Актерлікке бірден келе қоймаған оның бастапқы мамандығы қаржы саласына байланысты. Мектепті аяқтаған Дастен Халықаралық бизнес академиясына оқуға түседі. Ал кинодағы алғашқы қадамдарын жарнамалық роликтерден және әртүрлі бейнебаяндардан бастайды. Сөйтіп алғашқы кішігірім дебюті Ресейдегі 2007 жылы түсірілген “Застава” атты картинадағы эпизодтан басталады. Кейіннен Шәкіров елге оралып, 2010 жылы “Жаным” кинофильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды. Бұл рөл Дәстенге айтарлықтай танымалдылық пен атақ алып келеді. Осылайша, актердің кино әлеміндегі еңбек жолы басталады. Осы күнге дейін актер “Болашақ”, “Ғашық жүрек”, “Вопреки всему”, “Достар”, “Молоко, сметана, творог”, “Сыныптастар”, “Махаббатым жүрегімде”, “Рэкетир 2” “Замуж в 30”, “Жаужүрек мың бала” және “Оазис любви” сияқты фильмдерге түсіп үлгерген.  Сондай- ақ, актер елге белгілі “Бауыржан Момышұлы” кинокартинасында да бой көрсеткен.

 

Берік Айтжанов

 

Отандық үздік актерлер қатарынан көрінген Берік Айтжанов қазақстандық танымал кино және театр актері. Қызылорда облысының тумасы 1979 жылы 11 наурызда өмірге келген. Бірақ үш жасында актердің отбасы Алматы шаһарына қоныс аударады. 2004 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітіреді. Ол музыкалық факультетте білім алған. Мұхтар Әуезов театрының актері. Көрерменге театрдағы үздік рөлдерімен және ерекше қойылымдарымен белгілі болды. Ал кинодағы өз дебютін “Мұстафа Шоқай” және “Махамбет”  сынды картинадаларда сомдаған рөлінің арқасында алды. Актер ерекше танымалдылыққа отандық дарынды режиссер Ақан Сатаевтың “Ағайынды” кинофильміндегі басты рөлдердің бірін сомадағаннан кейін ие болды. Оның түскен кино тізімі ерекше фильмдер мен танымал картиналарға толы. Олар: “Час волка”, “Застава”, “Город Мечты”, “Ликвидатор”, “Дала даусы”, “Жаужүрек мың бала”, “Аманат”, “Параллель әлемдер”, “Наурыз.kz”, “Кітап”, “Тракторшының махаббаты”, “Адель” және “Замуж в 30” фильмдері болды. Сондай-ақ, актер Берік Айтжанов “321 - Сібір девизиясы” әскери картинасында да бой көрсетіп үлгерген. “Құлагер” ұлттық киносыйлығымен марапатталып, Елбасының бұйрығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағына ие болды.

 

Жалын Тілеуберген

 

Жалын отандық әскери “Көк тарландары” телесериалының басты кейіпкері. Белгілі актер және тележүргізуші 1991 жылы мамырдың тоғызына туылған. Айтулы жеңіс күнімен тұспа-тұс өмірге келген актер Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында туып өскен. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Актерлік және режиссура мамандығы бойынша білім алған. Актер басты рөлді сомдаған “Көк тарландары” телехикаясының түсірілімдері Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Аэроұтқыр әскерінің 35-гвардиялық бригадалық базасында өткен.

 

Олжас Әлжанов

 

Қазақстандық тележүргізуші және актер Олжас Әлжановтың кино карьерасын модельдіктен бастаған. Алматы энергетика және байланыс университетінде білім алған. Негізгі мамандығы -  энергетик. 5 жыл көлемінде инженер қызметінде жұмыс атқарған.   Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың “Ликвидатор” фильміндегі массовкасында түскен 19 жастағы актер кино әлеміне ғашық болады. Мұрат Абзелбаевтан актерлік шеберлік бойынша білім алған Олжас болшағын тек киномен байланыстырды. Оның алғашқы рөлі “Честь офицера” атты әскери телехикаясында болады. Картина режиссері Фуркат Фазиев.  Сондай- оқ, ол “Универ” және “Адасқандар” кинофильмінде бой көрсетті. Олжас Әлжанов түсетін картиналардың басым бөлігі әскери тақырыпта. Мәселен, “Шекара шебінде” телесериалында шекарашының рөлін сомдаған. Актердің келесі туындысы “Арнайы өкілдер” хикаясында жас полковник Султановтың рөл

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы