Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 сәуір, 2020411

Әскери телесериалдар

Отанымыздың тыныштығы мен амандығын қорғайтын, ерлігі мен батырлығы қатар жүретін әскерилерімізді қашанда қадірлеп, бағалауымыз шарт. Олардың ерліктері отандық киноларымызда да жиі көрсетіліп, әрқашан баяндалып отырады. Назарларыңызға еліміздің үздік әскери телесериалдарын ұсынамыз. 

«Дала қырандары» телехикаясы

 

 “Дала қырандары” телесериалы қатаң сынақтардан өтетін ұшқыштардың дайындық кезеңі мен өмірін көрсетеді. Картина Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің қолдауының арқасында жүзеге асқан. Сериал отандық Әуе қорғаныс күштерінің авиациялық базасында түсірілді.

 Телехикая желісі Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Берік, Ерлан, Қанат және Мәдинаның тағдырын баяндайды. Төртеуінің тағдыры төрт түрлі болса да, олардың қазіргі жолы бір. Берік ауқатты отбасының баласы. Оның дәулетті ата-анасы баласының таңдауына қарсы. Ерлан – ұшқыштар академиясында үздік білім алған ауылдың қарапайым баласы. Ал Қанаттың отбасы әскери адамдар. Ол жанұялық дәстүрді жалғастырушы. Мәдина – әріптестері тек жігіттер болғанымен, қайтпас мінезінің арқасында ол болашақта үздік  ұшқыш болуды армандайды. Ұшқыштарды даярлайтын академияда білім алатын достардың арманы асқақ, мақсаты бір. Олар оған жетер жолда талай қиындықтар мен кедергілерге тап болады. 

 Картина режиссері ретінде Дархан Төлегенов еңбек етті. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Ерік Хамидуллаев, Назар Султанбаев, Аян Өтепберген, Фариза Ескермес, Сырым Кашкабаев, Айнұр Нұрсейітова және Олжас Әлжанов сомдады. Фильм продюсері Айдархан Әділбаевтың айтуынша, мұндай әскери ұшқыштар жайлы фильм ТМД елдері бойынша әлі түсірілмеген. 

 

«Қазбат» сериалы

 

 Шынайы оқиғаға негізделген “Қазбат” сериалы Тәжікістан шекарасында болған қанды қақтығыста отан алдындағы борышын өтеген әскерилер жайлы. Картина 1995 жылдың көктемінде болған миссия кезінде жастайынан көз жұмған қазақ әскерлерінің құрметіне түсірілген. Сол кезде 17 адам қаза тауып, 33-і жарақат алған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қаза тапқан 17 жауынгерлердің бесеуі қайтыс болғаннан кейін екінші дәрежелі "Айбын" ордендерімен, он екісі "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Сонымен қоса,  барлық әскерилер  "Қызметте үздік болғаны үшін" деген ресейлік медалі берілген.  Фильм идеясының авторы ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, режиссері- Асқар Узабаев, фильмнің қоюшы-операторы Максим Задарновский болды. Фильм ІІМ және ҚР Ұлттық гвардиясының қолдауымен "АЮ СИНЕМА" кинокомпаниясымен түсірілді. Фильмдегі басты рөлдерді Дәурен Серғазин, Ринат Дошибеков, Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Закиров және Индира Шынболатқызы сомдаған. 

 

«Көк тарландары» телесериалы

 

 Отан қорғаушылар туралы кезекті телесериал – «Көк тарландары» картинасы. Әрбір жанның өр-рухы мен күш-жігерін негіздейтін тәрбиелік сипатқа ие сериал қазақ әскерилері жайында. 16 бөлімнен тұратын сериал сценарист Ержан Рүстембековтың режиссерлігімен түсірілді. Түсірілім Қапшағайда орналасқан ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлердің 35- гвардиялық базада жүргізілді. Басты рөлдерде Жалын Тілеубергенов, Олжас Жақыпбек, Мерей Мақанов және Ұлан Болатбеков бой көрсетеді. Түн ұйқысын төрт бөліп, халқының амандығы күзеткен халық қаһармандары, отан мақтаныштары жайлы сериалды қазақстандық Kaztube.kz видео- порталынан тамашалай аласыздар. 

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы