Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 ақпан, 2021306

Айсұлтан Сейітовтың дебютті кинофильмінде Еркебұлан Дайыров басты рөлді сомдайды

Жас режиссер Айсұлтан Сейітовтың дебютті кинофильмінде Еркебұлан Дайыров басты рөлді сомдайды.

Қазақстандық талатты режиссер және белгілі клипмейкер Айсұлтан Сейітов жаңа толықметрлі кинофильм түсіргелі жатыр. Бұл Айсұлтан үшін алғашқы дебюттік жұмысы. «Қаш» деп аталатын жаңа кинокартинаның басты кейіпкері де бекітілген көрінеді. Лентадағы Исатай рөлін көптеген отандық кинофильмдерде басты рөлді сомдаған талантты киноактер Еркебұлан Дайыров сомдайтын болмақ. Бұл туралы «Qaraproduction» орталығы өзінің инстаграм женлісіндегі жеке парақшасында жариялаған болатын.

QARA – бұл режиссерлер, продюсерлер мен операторларды біріктіретін өнер ордасы. Мұндай бастаманың идеялық авторы да осы қазақстандық дарынды режисссер Айсұлтан Сейітов.

Қазіргі таңда кинофильмнің соңғы штрихтары енгізіліп, шығармашылық топ картина түсірілімдеріне дайындалу барысында. Толыққанды ақпараттармен және жұмыс барысымен «Qaraproduction» ресми парақшасында жарияланып тұрады.

Айсұлтан Сейітов - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының танымал музыканттарымен жұмыс істеп, тәджірибе жинаған қазақстандық режиссер әрі клипмейкер қазіргі таңда шетелде кең сұранысқа ие. Өзінің алғашқы нақты жұмыстары мен еңбектері ретінде Moldanazar тобына арналған «Жаным сол» клипін және Ninety One тобына арналған клиптерді деп айтуға болады.

Айсұлтан Сейітов Қазақстаннан шыққан ТМД елдерінде аса танымал әнші Jah Khalib-тің «Медина» әніне арналған бейнеклипіне режиссерлік еткен болатын. Бұл Қазақстан тарихындағы қомақты қаржыға түсірілген роликтердің бірі болды. Шын мәнінде де, тарихи стильде түсірілген ролик көптеген декорация, киімдер және актерлерді қажет еткен.  Айсұлтан 21 Savage және J. Cole американдық рэп орындаушыларының «a lot» әніне арналған клипі үшін MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды. Сондай-ақ, Сейітов Иван Дорн, Скриптонит, T-Fest және басқа да белгілі өнер жұлдыздарының бейнеклиптеріне режиссерлік еткен болатын. 2019 жылы ресейлік танымал журналист, тележүргізуші, Youtube видео платформасындағы «вДудь» авторлық бағдарламасының жүргізушісі Юрий Дудьқа сұхбат берді.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы