Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 қазан, 2020392

Әйел образдарын экранға шығарған актерлер

Өнер үшін актерлер қандай ғана құрбандыққа бармайды. Біреулер арықтаса, енді біреулер керісінше, салмақ жинауға тырысады, екіншілері шаштарын тақырлатса,үшіншілері... үшіншілері әйел образдарына түрленеді. Біз кинодағы рөл үшін парик пен көйлек киіп, әйел образдарын сомдауды қорықпаған отандық актерлерді еске түсіріп, сондай фильмдер топтамасын әзірледік.   

«Келинка Сабина»

Әрине, бірінші орында экранға шыққаннан бастап көрермендердің ықыласына бөленген Сабина келін болды. Картина желісі алматылық бай ата-ананың Сабина есімді ерке қыздары туралы суреттейді. Ол Джони есімді араб шейхіне тұрмысқа шығып, Дубайға кетуді армандайды. Алайда оның өмірі Жүгері ауылына келін болып түскен соң, күрт өзгереді. Онда Сабина Жәнібек бақташының әйелі атанады. Оның ендігі арманы – ауылдан қашу! Бас рөлді картинаның сценарисі, актері, режиссері әрі продюсері Нұртас Адамбайдың өзі сомдайды. Фильмнің бұдан кейін тағы екі бөлімі түсірілді. Екінші бөлімде Сабина келін жаңа отбасымен Жүгері ауылында бақытты өмір сүреді. Өзінің келіндерге арналған оңалту орталығын ашып, ашық аспан астында кинотеатр, дайвинг-орталығын, «Жүгері де-люкс» спа-салонын, тіпті, психолог кабинетін де іске қосады. Сабина мен Жәнібектің отбасылық бақытына ештеңе кедергі емес көрінеді, алайда осы кезде күтпеген жағдай болады. «Келинка Сабина» картинасының үшінші бөлімі әзірге шыққан жоқ, алайда келіннің ендігі өмірі қалада жалғасады. Сабина ақыры армандаған актерлікке қол жеткізеді, алайда отбасылық өмірі құрдымға кетеді. Ерлі-зайыпты некелерін құтқарып қала ма? Әлде әрқайсысы өз жөнімен кете ме? Оны картина үлкен экранға шыққан соң білетін боламыз.  

Фото: youtube.com

«Дневник безумной женщины»

Бұл картина оның режиссері Еділ Амандықов үшін толықметраждағы дебюттық жұмысы. Ессіз әйелдің кейіпкері көптеген көрерменге интернеттегі қысқа әзіл-сықақ видеолардан жақсы таныс. Фильмнің бас кейіпкері – ерекше кейіптегі әйел. Жөнсіз бір оқиғадан соң, ол Нұрлан есімді қарапайым жігіттің өміріне тап болып, өзінің біртүрлі әрекеттерімен айналадағыларды таңқалдырумен болады. Онымен екінің бірі араласа алмайды, ал оның мұрты ең өжет дегендердің өздерін ыңғайсыз жағдайға түсіреді. Ессіз әйелдің образын ойлап тауып, роликтердегідей толықметражды лентада да жүзеге асырған вайнер әрі актер Нұрлан Батыров болды. Кәрім Қадырбаевпен бірге сценарий жазған да сол. Атақты вайнер желіге Ессіз әйел туралы бір жарым мыңнан аса бейнеролик жүктеген. Оны бұл рөлге шабыттандырған анасы екен. Кинолента түсірілімдері Алматы қаласында өтті. Әйел образын сомдаған Нұрлан Батыровтан бөлек, комедияда Шәріп Серік, Әсел Ақбарова, Жәния Джуринская, Жеңіс Омаров, Гүлназ Жоланова, Ерден Телемісов және басқалары өнер көрсетеді. Картина 2019 жылдың көктемінде жарық көрді.    

Фото:brod.kz

«Құдалар»

Қазақстандық актер Нұртас Адамбайдың актерлік мансабында бір емес, төрт әйел рөлі бар. Оның үшеуі әрі ең атақтысы - Сабина келінге тиесілі болса, төртіншісі Жаннет есімді құдағиға бұйырған. «Құдалар» көңілді хикаясы қос ғашықтың шаңырақ көтеруі туралы сыр шертеді. Алайда олардың ата-аналары, нақтырақ айтқанда аналары бұл шешімді құп көрмейді. Диананың анасы, «Темір мінезді әйел» Жаннет үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Өз кезегінде күйеу баланың анасы Райхан да үйлену туралы шешімге разы емес. Алайда жастар дегендерінен қайтпақ емес. Қос ғашықтың ата-анасына құдалық өткізуден басқа амалы жоқ. Осылайша олар тойға дайындықтарын бастап кетеді. Барлығы ретімен жүреді, ештеңенің кедергі келтіруіне негіз жоқ сияқты, алайда, Жаннет те, Райхан да, балаларына әсер етіп, ақыры ойларын өзгертіп, той өтпейтін болады. Данияр мен Диана қарым-қатынастарын қайта қалпына келтіре ала ма? Құдалар ше? Оны комедияның бас құдағиының рөлін сомдаған Нұртас Адамбай шешетін болады.

Фото: youtube.com

Кино болған соң, кез келген рөл маңызды. Таңқаларлық, алайда әйел киімін киіп өнер көрсеткен ерлердің арасында әйелдердің жүрегін жаулаған көптеген голливуд актерлері бар. Мысалы, «Шерлок Холмс: игра теней» картинасында Кіші Роберт Дауни атақты тыңшыны сомдап қана қоймай, әйел киімін де киіп көрген. Атақты актер Джонни Депптің де мансабында эпизодтық болса да, жарқын әрі есте қаларлық әйел образындағы рөлдері бар. Мәселен, актер «Эд Вуд» картинасында әйел кейпінде керемет көрініс тапқан. Бұл актерлердің қатарында Дастин Хоффман, Робин Уильямс, Джаред Лето және басқа да актерлер баршылық.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы