Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 тамыз, 2020212

Baltic Еvent ко-өнімі нарығына өтініштер қабылдау басталды

Baltic Event бірлескен өндіріс нарығы қазақстандық кинематографшыларға жобаларын жүзеге асыру үшін қаржылай қолдауға ие болып, продюсерлер мен өнімді сату бойыша агенттерді табуға зор мүмкіндік бермек.

Baltic Event Co-Production Market Солтүстік Еуропадағы бірлескен өндірістің ірі халықаралық нарығы өтініштерді қабылдауды бастады. Жыл сайын Baltic Event «Темные ночи» Таллин Халықаралық кинофестивалі аясында өткізіліп отырады. Tallinn Black Nights Film Festival («Темные ночи» Таллин Халықаралық кинофестивалі) шарасы Эстония астанасы – Таллинде 1997 жылдан бастап қараша айында ұйымдастырылып отырады. Аталған фестиваль 2008 жылдан бері кинопродюсерлердің халықаралық федерациясының толыққұқылы мүшесі. Федерация 2014 жылы Таллин кинофестивалінің халықаралық байқау бағдарламасын сертификаттап, әлемнің 15 маңызды кинофестивальдері қатарына енгізді.

Baltic Event нарығын ұйымдастырушылар қазақстандық жобаларды әрдайым жылы қабылдайды. Мәселен, осыдан сегіз жыл бұрын отандық продюсер Анна Качко Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, Қазақстанға назар аударту мақсатында Таллинде арнайы шара өткізді. Baltic Event бірлескен өндірістің 8-ші нарығында барлық жобалардың арасында Талғат Бектұрсыновтың «По дороге домой» картинасы мен режиссер Әділхан Ержановтың «Журналист» жобасы таңдалып ұсынылған еді. Екіншісін халықаралық сарапшылар жоғары бағалап, жоба «Baltic Event’s Producer’s Network» арнайы сыйлығына ие болған.

Industry@Tallinn & Baltic Event – бұл аймақтағы индустрия кәсіпқойларының кездесуін қамтамасыз ететін бизнестік тұғырнама. 2002 жылдан бері Baltic Event шарасында 600-ден аса киножоба таныстырылды. Олардың басым көпшілігі әлемнің түпкір-түпкірінде үлкен экрандар арқылы көрермен назарына ұсынылып, халықаралық кинофестивальдерде жеңімпаз атанған. Baltic Event бірлескен өндіріс нарығына қатысқан жобалар Берлинале, Канн, Карловы Вары, Варшава, Венеция және тағы басқа фестивальдерге іріктеліп алынып, «Алтын глобус» пен «Оскар» сыйлықтарына ие болған.

Отандық кинематографшыларға еңбектерін алға жылжытып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шараға жобаларды ұсыну үрдісі биылғы жылдың 7 қыркүйегіне дейін жалғаспақ.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы