Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 мамыр, 2020376

«Бақыт зертханасы» немесе мінсіз жігіт табудың жолы

Жаздың алғашқы айында көрермендер назарына жаңа отандық кинокартина жол тартады. «Лаборатория счастья» романтикалық комедиясы маусымда прокатқа шығады деп күтілуде. Фильм трейлері «Меломанның» желідегі ресми парақшасында жарияланып, шығу күні белгіленген.

Комедия ісіне берілген әрі жалғызбасты Анар есімді қыз жайынан сыр шертеді. Жеке өмірін жөнге келтірмек болып, өмірлік серігін іздей бастайды. Алайда, қанша талпынса да, жігіт табу оңай болмай шығады. Әрі қызға қарапайым емес, мінсіз ер адам керек. Бірнеше кездесу сәтсіз аяқталса да, үміт үзбеген Анар «мамандардың» көмегіне жүгінеді. Мінсіз жігіттерді өндіретін зертхана кіршіксіз жар табу үмітін арқалаған қызға өзі қалаған жігітті жасап шығаруды ұсынады. Сөйтіп, барлық әдістерді сынап, ақыры көңілі толмаған қыздың үміті үзіле бастағанда күтпеген жағдай болады.

Романтикалық комедияның бас рөлін актриса Жанель Мақажан сомдайды. Фильмде сонымен қатар, Дәурен Айдарқұлов, Рауф Хабибулин, Әбунасыр Серіков, Жандос Айбасов, Нұргүл Алпыспаева, Нұртас Адамбай, Марат Оралғазиндер және басқалары өнер көрсетеді.

Жаңа отандық туындының режиссері - Виктор Демьянюк. Сценарий авторы – Асқар Бисембин. Ал, бас продюсері Дмитрий Кириенко болды.

Алғашында картина «Роботбек» атауын еншілеп, көктемнің ортасында шығуы тиіс-тін. Алайда, елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, фильм көрерменіне дейін жетпеді. Енді картина «Лаборатория счастья» атауымен сәтін салса, 18 маусымда қазақстандық прокатқа шығатын болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы