Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 ақпан, 2021455

«Бауырына салу»: қазақи дәстүр туралы тағы бір фильм

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінің жеңімпазы «Бауырна салу» кинокартинасы жақында көрермендерге жол тартады. Фильмнің режиссері Асхат Кучинчирековтың бұл дебюттік жұмысы болып отыр.

Қазақтың байырғы дәстүрлер туралы уақыт  өте келе көп сауалдар мен мәселелер туындайды. Қазірде заманның ағысына қарай ығысатын салт пен оған көнбейтін дәстүр де жетіп жатыр. Олардың қатарында тұңғышын атасы мен әжесінің қолына беретін дәстүр де бар. Бірақ көп жағдайда бала өз туған ата-анансынан жырақта жүріп кейін үйренісе алмай жатады. Бұған тікелей әсер ететін де дәл осы сал-дәстүр екенін жасырмаған абзал. Осының нәтижесінде бұл кезеңде балаға рухани және психологиялық көмек көрсетілуі міндетті. Көзін аша сала көрген адамдары басқа болып, жасөспірім кезеңіне келгенде мүлде басқа жандардың тәрбиесіне көну бала үшін түсініксіз және қиын жағдай болып жатады. Шын мәнінде, осындай жағдайларда бала мен ата-ана арасындағы ұрыс пен жан-жал, айқай- шу мен түсініспеушілік жиі орын алып тұрады. Міне, дәл осы тақырыпты арқау еткен режиссер Асхат Кучинчиреков «Бауырына салу» киноолентасын көрермен назарына ұсынбақ. «Askhatfilm» киностудиясының туындысы қазақ мәдениеттінің ежелгі дәстүрін суреттейтін болады.

Кинолента ата-әжесінің қолына тәрбиеленуге беріліп, бірақ уақыт өте келе  әке-шешесінің қасына қайтып оралуға тура келген баланың өмірі жайында болмақ. Бірден екі ата-анасы пайда болған бала өсе келе әкесі мен шешесі өзінен бас тартпағандығын түсінеді. Бірақ бұл оған айтарлықтай қиындықты тудырған. Кинокартинаның идеясы Сараптамалық кеңес мүшелеріне бірден ұнады. «Бауырна салу» ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінің жеңімпазы атанды.

Сюжет бойынша, Арман есімді бала кішкентай кезінде әжесінің қолына тәрбиеге беріледі. Әжесі қайтыс болғаннан кейін, жасөспірім ата - анасына қайта оралуына тура келеді. Бірақ ұзақ уақыт бойы басқанын қолында болған Арман қалай жаңа адамдармен тіл-табысып, жылы қарым-қатынасты орнатуға болатынын білмейді.  Бірден басқа жандардың қамқорында болуға тиіс ол өзін бөтен адамдай сезінеді. Бұл сұрақтар фильмнің кейіпкеріне тыныштық бермейді. Дәл осы өзгерістер мен ішкі жан дүние күйзелісін режиссер Асхат Кучинчиреков көрмендерге жеткізуге тырысты.  

Асхат Кучинчиреков- режиссер:

«Бауырына салу – бұл қазақ тарихында бірнеше жүз жыл алдын пайда болған дәстүр. Қазіргі таңда да ештеңе өзгермеген. Бүгінгі күні де үйдің тұңғышын атасы мен әжесіне бағуға жіберетіндердің қарасы көп.  

Бұл жоба мен үшін не? Ол мен үшін өте жеке оқиға. Мен өзім әжеммен бірге тұрдым, сол кісінің тәрбиесін алып, қолында өстім. Және әдейі осы сәтке ерекше тоқталғым келді.  Бұл жерде бала үшін маңыздысы – өзінің туған анасымен және әкесімен жақсы қарым-қатынасты орнату. Әже мен атаның қолында өскен көп балалар өз туған ата-анасын «әке» не «ана» деп еш уақытта оңай айтып кете алмайды.  Көп жағдайда олар өз ата-аналарына жек көрінішті көз-қараста қарайды. Нелікте олай болады? Себебі, барлық балалардың ішінде оларды тастап кеткен тастанды баланың күйін кешеді, жақындарына реніші болады. Кинофильмдегі драматургия көрерменге Арманның ескі отбасын жоғалтып, жаңа отбасын тапқаны туралы жеткізіп береді», - дейді режиссер.

Кинорежиссердің айтуы бойынша, қазақтың байырғы және замануи салт-дәстүрлері  өзге ұлттарға өте қызықты көрінеді.

Асхат Кучинчиреков- режиссер:

«Білесіз бе, бұл кинолента бәріне қызықты болып тұр. Мен Каннда дәл осы картинаның премьерасын өткізгім келеді, қазір біз бұл оқиға туралы француздық киномамандармен алдағы жоспар туралы талқылап жатырмыз. Сингапурдан продюсерлер хабарласты, Германиядан да жазып жатыр. Бұл оқиға бәрін қызықтырды. Себебі бұл қазақы дәстүрдің өзі бір ерекше. Барлық ұлттардың өзіндік дәстүрлері мен мәдениеттері бар, бірақ уақыт өте келе олар түбегейлі өзгереді немесе бірте-бірте  жоғалып кетеді. Алайда көп уақыт өтті, бірақ біздің дәстүріміз сол күйінде сақталып қалды. Бүгінде балалар ата-әжелерінде де өсіп келе жатыр. Менің көршілерім Нұр-сұлтанға жұмыс істеуге кетіп, балаларын ата-аналарына қалдырды. Балаларды атасы мен әжесіне беретін өте ауқатты кісілер де бар. Әрине, сіздің ортаңызда мұндай жағдайлар болу мүмкін. Яғни, бұл деген сөз осы дәстүрдің әлі күнге дейін сақталғаны таңқалдырады», -дейді картина режиссері.

Асхат Кучинчирековтың дебюттік кинолентасы аяқталуға жақын көрінеді. Алдағы уақытта көрермен су жаңа «Бауырына салу» картинасын тамашай алатын болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы