Размер шрифта:

Цветовая схема:

15 қыркүйек, 2020176

Белгілі продюсер Ерболат Беделхан және “Қазақфильм” студиясы жаңа жоба бастамақ

Еліміздегі “Орда” атты жігіттер тобының солисті, белгілі музыкалық продюсер, талантты әнші, ТМД және басқа да шетел мемлекеттерде ерекше танымал “Ninety One” тобының продюсері Ерболат Беделхан отандық кино әлемінің қара шаңырағына айналған “Қазақфильм” киностудиясымен біріге отырып су жаңа жобаларды қолға алмақ.

 

    Жақында ғана “Қазақфильм” киностудиясының басшылық қызметіне келген танымал режиссер әрі актер Ақан Сатаев отандық продюсер Ерболат Беделханмен кездесіп, кино мен музыка бағыттарындағы ортақ бағдарламалар бойынша жоспар құрған болатын. Олардың қатарында, елімізде түсіріліп жатқан қазақ фильмдерінде отандық әншілер мен өнерпаздардың жарыққа шығарған әндері шырқалып, халық жүрегіне әуез әнді көркем фильммен жеткізу мақсаты тұр. Музыкалық продюсердің айтуынша, бұл бастау кино мен музыка өнері бір жерде ұштасып қана қоймай, болашақта ұлттық өнердің шетелдік ареналарға танылып, дамыуына үлкен үлесін тигізетіні сөзсіз. Жаңа бастаманы бірден қолдаушылар да табыла кетті. Ғаламтор желісінде бұл ойдың керемет жобаның негізі боларына көп оқырмандар мен тыңдармандар сенім білдіріп отыр. Әсіресе, продюсерге жастар мен қазақша поп, яғни “ Qpop” бағытының жанкүйерлері ерекше қолдау танытып отыр. Осылайша, жақын арада заманауи жастар топтарының авторлық әндері отандық киноленталар мен картиналарда саундтрек ретінде жиі естілетін болады. 

      Ерболат Беделхан  “JUZ Entertainment” продюсерлік орталығының негізін салушы әрі продюсері. Бұған дейін Ерболат өзін кино әлемінде “Қағаз кеме” атты жастарға арналған көп сериялы телесериалда фильм режиссері ретінде сынап көрген болатын. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы