Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 мамыр, 2021264

Биыл «Қазақфильмнің» 14 фильмі халықаралық 7 кинофестивальда көрсетілді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі А. Р. Райымқұлова өзінің халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

 

Сондай-ақ министр 2020 жылдың басынан бастап бүгінге дейін «Қазақфильм» АҚ киностудиясында 65 халықаралық кинофестивальге қатысып, жүлделі 32 сыйлыққа ие болған 27 фильм түсірілгенін де атап өтті. Олардың қатарында Мұхаммед Мамырбековтың «Девушка и море» («Теңіз және қыз»), Жаңабек Жетіруовтың режиссерлігімен түсірілген «Шыңырау», Әділхан Ержановтың «Желтая кошка» («Сары мысық») фильмдері бар.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі кинематография туралы заң жобасына тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі болды. Заң жобасын жасаушылар қатарында мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, суретшілер, кинематографтар және т.б. мамандар жұмыс істеп жатыр.

Кездесуде А. Райымқұлова биыл Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ модернизациясы басталып, алдығы үш жылға жалғасатынын хабарлады.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – Алматыда орналасқан Қазақстандағы ең ірі көркем, анимациялық және документал фильмдер түсіретін киностудия.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы