Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 қыркүйек, 2020442

«Bir toqsan» қайта оралады

Жастарға арналған кинокартина экранға қайта оралмақ. Бұл жолы екінші бөлімі түсірілген сериал көрерменді несімен қуантпақ?

              «Gakku» компаниясының тапсырысымен жүзеге асқан «Бір тоқсан» деп аталған телехикая көптің көңілінен шыққаны рас. YouTube видеохостингіне салынған әрбір бөлімі трендке айналып, бірнеше миллион қаралым жинаған картинаның сиквелі түсірілді.  Бұл жолы картина атауы біраз өзгеріске ұшыраған. «Тағы бір тоқсан» деп аталған телехикая сол баяғыдай, жастар өмірі жайында болмақ. Мектеп қабырғасындағы жоғары сынып оқушыларының ара-қатынасы мен олардың бастан өткерген қызықты оқиғаларын баяндайтын телехикая екінші бөлімінде қандай бағытта жалғасатыны әлі белгісіз. Бұл туралы жоба авторлары да, түсіп жатқан актерлер де ой бөліспеді.

@Musan.Entertainment

Есесіне, жаңа бөлімде жаңа актерлер мен кейіпкерлер болатыны белгілі болды. Басты рөлдердің бірі Сұлу есімді қызды сомдайтын Жасмин Сайдельдинова. Бұл актрисаның кино әлеміндегі алғашқы кәсіби жұмысы. Тағы бір басты рөл жас актер Жүнісов Бекзатқа бұйырған. Одан бөлек, Бексұлтан Әкімжан, Алишер Исмайлов, Кенжебекова Анеля және Ақерке Назарбекова сында жас актер мен актрисалар кинокартинада бой көрсетпек. Бірақ телесериалдың бірінші бөліміндегі кей кейіпкерлер болады ма, ол әлі белгісіз. Картина продюсері Игорь Воробьевтің айтуынша, кейіпкерлер арасындағы махаббат үшбұрыштары мен қызықты оқиғалары, шытырман хикаялар көп болады. Телесериалдың режиссері Тастембеков Дамир. Сценарий авторы Мират Миятов. Костюмға жауапты Әбдраш Ақбөпе. Қазіргі таңда жаңа телехикаяның түсірілімдері жалғасуда. Телесериалды «Musan Entertainment» студиясы түсіруде.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  интернеттен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы