Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 маусым, 2020516

"Боксер" фильмінің түсірілімі қайта жалғасын тапты

Алматы қаласында  режиссер және продюсер Ақан Сатаевтың "Боксер" спорттық драмалық байопигі түсірілді.

Карантин жағдайынан кейін отандық киногерлер өз жұмыстарына толыққанды кірісе бастаған сыңайлы. Оған соңғы уақытта біршама жаңа туындылар мен картиналардың, телесериалдар мен әртүрлі жобалардың түсірлімдерін белсене бастап кеткен киногерлердің жаңалықтарына қарап- ақ айта алмыз. Солардың бірі, еліміздің белгілі режиссері Ақан Сатаевтың су жаңа туындысы “Боксер / Боксшы” картинасы болды. 

Фильмнің сюжеті бойынша Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмірі, оның спортқа қалай келгендігі, жеңіс жолындағы кездескен қиындықтары мен қызықтары туралы баяндалады. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының танытқан қолдауының арқасында киножобаны Sataifilm студиясы жарыққа шығарып, көрермендердің назарына ұсынатын болады.

Түсіру процесі 2020 жылдың наурыз айында басталған болатын. Бірақ елімізде жалпы бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясының қаупіне байланысты төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуі түсірілімдердің жарты жолда тоқтауына себепкер болған еді. 

Карантин уақытында фильмнің желісі біршама өзгерістерге тап болды. Жаңарған процесте танымал шахматшы Жансая Әбдімәліктің де еңбегі сараланып кетеді. Картинада Оның 20 жасқа дейінгі алғашқы қазақстандық чемпион атанғаны туралы нақтылай көрсетіледі. Сценарист Альмира Тұрсынның айтуынша, Жансая Әбдімәлік режиссер Ақан Сатаевқа маңызды сахнада шахмат ойынын қоюды кеңес берген көрінеді.

Сценарийді бұрынғы "Томирис" картинасында режиссермен жұмыс істеген Тимур Жақсылықов пен Альмира Тұрсын жазды. Қоюшы-оператор ретінде "Бизнесмендер", "Томирис" және басқа да фильмдерді түсірген Хасан Қыдырәлиев еңбек етеді. Сондай-ақ, Серік Сәпиев жобаға кеңесші ретінде өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар, киноға, түсірілімдерге және жалпы сценарий бойынша өз идеяларымен бөлісіп отырады.

Басты рөлді дебютант Смадияр Сабыров сомдайды. Картинаның басты рөліне Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы сегіз мыңнан аса өтінім келіп түскен.  Қаралымға алты жүзге шақты адам шақырылған кастингтен өткен Смадияр Сабыров барынша өзін көрсетіп, басты рөлге лайық екенін дәлелдей білді.

Еске сала кетейік, фильм режиссері бүгінде қазақстандық талантты киногерлердің бірі. Ол мың тоғыз жүз жетпіс бірінші жылы жиырма үшінші желтоқсанда, Қарағанды қаласында өмірге келген. 1994 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «кино және ТВ» факультетінде білім алған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша халықтық дауыс беру арқылы Қазақстан киноиндустриясының үздік қайраткері болып танылып, "Жылдың Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. 2016 жылы Astana Film Found қорының негізін қалап, оның өркендеуіне бар үлесін қосты. Оның мақсаты қазақстандық жас режиссерлерді қолдау және аз бюджетті авторлық киноларды көрермендерге паше ету болды. 2016 жылы екі толықметражды фильмдердің авторы атанды. Олар: "Районы"- КСРО уақытындағы  жасөспірімдердің және  жастардың әртүрлі қызық оқиғаларға толы өмірі туралы қылмыстық драма және "Анаға апарар жол" - Қазақстандағы ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдар туралы тарихи драманы түсірді. "Ана апарр жол" толық метражды көркем фильмі үшін әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. 2013 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  атағын алған болатын. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған режиссер көптеген отандық танымал картиналардың авторы. Ол «Адасқандар», «Ликвидатор», «Ағайынды», «Ағайынды-2», «», «Жаужүрек мың бала», «Бауыржан Момышұлы», «Рэкетир 2», «Хакер», «Блогер», «Бизнесмены», «Районы» және «Томирис» сияқты кинокартиналарға режиссерлік еткен болатын. Ақан Сатаев  2012 жылы Қазақстан Кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. "Алтын Жұлдыз" сыйлығына бірнеше мәрте ие болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы жиырма тоғызыншы қарашадағы жарлығымен "Құрмет"орденімен марапатталған болатын. 

Фильмнің сценарий авторы атанған Альмира Тұрсын  көп көрермен тағатсыздана күткен "Томирис" кинофильмінің басты рөлді сомдаушы актрисасы. Сақ патшайымының рөлін Альмираға режиссер Ақан Сатаев сенім білдіріп, тапсырған болатын. Шын мәнінде, ол кәсіби актриса емес. Әлмира Тұрсын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономика және бизнес» Жоғары мектебінде білім алып, Мәскеу мемлекеттік университетінде менеджмент саласы бойынша білімін жетілдіреді. Альмира Тұрсын актерлікке дейін коучингпен айналысқан.  Ол коуч-кәсіптік бағдаршы, адамдарға мамандық таңдауын анықтауға және өзінің өмірлік мақсатын білуге көмектеседі деген пікірде. Өзінің алғашқы рөлін Ұлы даланы жаулап алуға тырысқан парсылармен күрескен сақ патшайымы Томирис туарлы маңызы зор үлкен кинокартинада алады. Сақтардың тарихы мен күресі туралы баяндайтын киножобада ол бірден басты рөлді сомдайды. Енді жас актриса өзін киноиндустрияда басқа да бағыттардан, саладан сынап көргелі жатыр. «Боксер» фильмінің сценарийінің автора атанған Альмира киноға үлкен мән беріп келе жатқандығы қуантады. 

 

 

 

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы