Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 ақпан, 2020420

«Боксшы»-ны су жаңа актер сомдайды

Ақан Сатаевтың «Боксшы»/«Боксер» фильмінде басты рөлді сомдайтын актердің есімі белгілі болды. Бұл туралы «Sataifilm» студиясы Инстаграмдағы парақшасында мәлім етті.

Лондон Олимпиадасының алтын иегері, боксшы Серік Сапиевті сомдайтын – Смадияр Сабыров болып шықты. Осыған дейін ол бірде-бір кинокартинада өнер көрсетпеген көрінеді. Себебі, киностудия: «Смадияр үшін бұл кино дебют болмақ» деп жазады.

Бұл рөлге Смадиярды неліктен таңдағандарын «Sataifilm» студиясы былай деп түсіндіретін сияқты: «Сомдалатын образ күрделі әрі жауапты, актерден қарқынды физикалық дайындықты талап етеді. Смадиярдың бокста үлкен тәжірибесі бар. Оған қарамастан, қазір күн сайын тәжірибелі бапкермен бокстан жаттығу үстінде және актерлік шеберліктің қыр-сырын танып, маңызды рөлге дайындалуда».

Осыған қарағанда бокстан хабары бар әрі үздіксіз жаттығуларға төзімді жан ретінде Смадияр лайықты деп танылса керек. Қалай болғанда да, картина үздік шығады деген үміт бар. Ал, әзірге түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, кинотуынды қазақстандық спортшы, Тұманды Альбион елінде өткен Олимпиаданың чемпионы Серік Сапиевтің өмірбаяны негізінде жасалмақ.

Автор: Зарина Смагулова

Фото: Смадияр Сабыровтың Instagram парақшасынан алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы