Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 шілде, 2020219

Бүгін актер Генадий Балаевтың туған күні

Бүгін Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актері Генадий Балаев туған күнін атап өтуде. Өнер иесі биыл мерейлі 80 жасқа толды.

Генадий Балаев өзінің елінде ғана емес, Ресейге де танымал тұлға. Актер шығармашылық отбасында өсті. Оның ата-анасы бүкіл өмірін әртістік өнерге арнады. Мектеп бітірген соң Генадий Балаев пианино сыныбы бойынша музыкалық училищесін бітірді, ал 1962 жылы ол театр және кино актері бағыты бойынша Ташкент мемлекеттік интитутына оқуға түсті. Сол жылдан бері актер М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қызмет етеді.

Бұдан бөлек, Генадий Балаевтіңкино саласындағы еңбегі де аз емес. Актер «Шоқан Уәлиханов», «Мне не забыть, не простить», «Груз 001», «25-й километр», «Перекличка», «Саранча», «Весь мир у наших ног», «Урановый тайфун», «Примите адама» және тағы басқа телехикаялар мен көркем фильмдерде өнер көрсетті.

Актер 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальдерімен марапатталған. Сонымен қатар Елбасының алғыс хатына ие болған.

Мерейтой иесін құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ ғұмыр тілейміз!

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  pyatnica-kz.nethouse.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы