Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 шілде, 2020395

Бүгін актер Қуандық Дүйсембаевтың туған күні

Бүгін қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» фильмінде бас рөлді сомдаған талантты актер Қуандық Дүйсембаев төл мерекесін атап өтуде.

Бұл картинадағы рөлі үшін актер кең танымалдылыққа ғана емес, екі бірдей халықаралық кинофестивальде үздік ер адам рөлі аталымында жеңімпаз атанды. Оның бірі Оңтүстік Сахалинскідегі «Край света. Восток» фестивалі болса, енді бірі – Қазан Халықаралық мұсылман киносы кинофестивалі.

«Ласковое безразличие мира» фильмі кедей отбасы негізінде әлеуметтік әділетсіздікті суреттейді. Сюжет желісі бойынша қарызға белшеден батқан әкесінің өлімінен соң, Салтанат (Динара Бақтыбаева )есімді бойжеткен жалғыз ғана үйі бар ауылдан үлкен қалаға көшуді шешеді. Бұрынғы өмірімен оны тек бала күнгі досы Қуандық (Қуандық Дүйсембаев) қана байланыстырады. Сөйтіп қызға өлердей ғашық болған жігіт Салтанатпен бірге қалаға аттанады. Алайда мұнда оны ешкім күтіп отырған жоқ.

Фильм аталған фестивальдермен қатар Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» байқауына да қатысушы картина. Ал басты рөлді сомдаушы дебютант актер Қуандық Дюсембаев - халықарадық киноофестивальдердің қазылар алқасын өзіне баураған өнер иесі.

Талантты актер бұдан бөлек, «Ана жүрегі», «Жаужүрек мың бала», «Теміртау», «Қазақ хандығы» сияқты отандық фильмдерде шағын рөлдерді де сомдады.

Туған күн иесін төл мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жарқын рөлдер тілейміз!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы