Размер шрифта:

Цветовая схема:

18 шілде, 2020488

Бүгін актер Сағи Әшімов 59 жасқа толар еді

Бүгін тірі болса, қазақстандық актер Сағи Әшімов 59 жасқа толар еді.

Актер 1982 жылы Алматы көркем театр институтын бітірген. Оқуды аяқтағаннан соң, ол М.Әуезов атындағы театрда актер болып қызмет етті. Алайда ұзақ емес. 1980 жылдан бастап ол кино саласына бет бұрды. 1982-1984 жылдары Сағи әкесі, атақты актер әрі режиссер Асанәлі Әшімовтың төрт бөлімді «Шоқан Уәлиханов» атты телехикаясында бас рөлді сомдады. Әкесі фильм режиссері бола тұра, ұлына Уәлихановтың рөлін сомдамауды айтқан еді. Бұл рөлге ие болу үшін кастингтен мыңнан аса актер өтті. Алайда Сағидың халық қаһарманы – Шоқанға ұқсағаны соншалық болар, оны бұл рөлге сол кездегі Мемлекеттік киноның басшысы Олжас Сүлейменов бекітті. Ал 1986 жылы актер «Шоқан Уәлиханов» атты фильмі үшін Қазақ КСР-нің мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Сағи Әшімовтың ғалым Шоқан Уәлихановпен ұқсастықтарының зор болғандығына мынадай факт дәлел болады. Сөйтсе, актер жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болып, фотосуретінің орнына Шоқан Уәлихановтың 10 теңгелік купюрадағы портретін қойған.

«Сөйтсе, ол сол суретті өзінің жүргізуші куәлігіне жапсырыпты. МАИ-ға барғанда оның танымал болғандығына қарап, бұл фотосуретіне ресми мөр қойып беріпті. Міне, «Тоғысқан тағдырлар» осыншалық атақты болған», - деп айтқан актриса Венера Нигматуллина.

Расымен де, «Тоғысқан тағдыр» телехикаясы талай актерді танымал етті. Көптеген көрермен Сағи Әшімовты осы телефильмдегі бас рөлдердің бірі - Тимур Сабыров есімді бизнесмен-қылмыскердің рөлі арқылы таниды. Жалпы, актердің жиырмадан аса фильмі бар. Олардың қатарында «Невозможные дети», «Месяц на размышление», «Лейтенант С.», «Сказка о прекрасной Айсулу», «Омпа», «Фара» және басқа да картиналары бар.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы