Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 шілде, 2020241

Бүгін актер Сергей Погосянның туған күні

1972 жылдың 20 шілде күні қазақстандық әрі ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші Сергей Погосян дүниеге келді. Биыл актер 48 жасқа толды.

Сергей Погосян алдымен Алма-ата ауылшаруашылық институтының экономист мамандығын бітірді, кейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясында кино және театр актері мамандығын алды. 2009 жылға дейін актер М.Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрында актер болып қызмет етті. 2009 жылдан бастап киногер Мәскеу қаласында тұрып жатыр.

Ол осы уақытқа дейін қырықтан аса қазақстандық және ресейлік картиналарда рөл сомдады. Атап айтқанда, «Мұстафа Шоқай», «Русское средство», «Откройте дверь – я счастье!», «Арман қала», «Қайрат чемпион, девственник №1», «Астана – махаббатым менің», «Масквичи», «Немного не в себе», «Реальная сказка», «Гейзер», «Везучая», «25-й километр», «Трое в Коми», «Одноклассники», «Невеста моего жениха», «Сердцеедки», «Обменяйтесь кольцами», «Террор любовью» және тағы басқа талай фильмде рөлдер сомдады.

Актер Сергей Погосянды туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс пен көптеген тамаша туындылар тілейміз!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы