Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 тамыз, 2020451

Бүгін актер Жан Байжанбаевтың туған күні

Бүгін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, актер Жан Байжанбаевтың дүниеге келген күні. Киногер биыл 59 жасқа толды.

Мектепті бітірген соң жас жігіт Алма – Ата көркем-театр институтының актерлік факультетіне оқуға түсті. Кино экрандарына алғаш рет 11 жасында, яғни 1972 жылы «Дождь» атты картинасында көрінді. Содан кейін ол 7 жылдан соң Леонид Аграновичтің «Щит города» атты фильмінде өзінің дебюттық рөлін сомдады. Фильмде жас актер бас инженердің ұлы – Болатты ойнады. Картинадағы ата-анасын КСРО-ның Халық әртісі Фарида Шәріпова мен Қазақстанның Халық әртісі Әнуарбек Молдабековтер сомдады. Ол кезде Жан небары 16 жаста еді.

Дәл сол жылы актер «Невеста для брата» фильміне түсіп, өзінің алғашқы бас рөлін сомдады. Келесі жылы Жан Байжанбаев «Мы – взрослые» картинасына ойнап, мұнда да бас кейіпкердің рөлін орындады. Жалпы актердің қоржынында 70-тен аса фильмі бар. Атап айтқанда, «До свидания, Медео», «Қауын», «Красная юрта», «Отчим», «Знай наших», «Человек на мотоцикле», «Перекресток», «Дом у соленого озера», «Человек-ветер», «Рэкетир», «Рывок», «Мужская история», «Көшбасшы жолы. Отты өзен. Теміртау», «Логово», «Сговор», «Ликвидатор» және тағы басқа туындылар. Актер комедиялық ленталарда да жиі бой көрсетеді. Олардың арасында «Побег из аула», «Жених на 5 дней», «Той любой ценой», «Развод по-казахски», «Каникулы в Тайланде», «Әкім» және «Бизнес по-казахски» картиналарын атауға болады.

Туған күн иесін төл мерекемен құттықтап, зор денсаулық, жаңа жарқын рөлдер мен шығармашылық табыс тілейміз!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы