Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 шілде, 2020408

Бүгін актриса Қарлығаш Мұхамеджанованың туған күні

Бүгін қазақстандық актриса Қарлығаш Мұхамеджанова өзінің төл мерекесін атап өтуде.

Қарлығаш Мұхамеджанова қызмет жолының алғашқы кезеңінде телевидениеде жүргізушіліктен бастады. Алайда кең танымалдыққа 2009 жылы режиссер Ануар Райбаевтың «Лавэ» атты фильміндегі дебютынан соң ие болды. Актрисаның фильмдері бірден бас рөлдерден басталды. Режиссерлер жас қызға сенім артты, сондықтан үмітті ақтау үшін актриса кейіпкерлерінің мінезіне толықтай енуге тырысты. Қарлығаш Мұхамеджанова түрлі образдарды сомдауды жақсы көреді. Өзінің мамандығын сол үшін де сүйетіндігін бірнеше мәрте айтқан болатын. Себебі түрлі рөлдер арқылы бірнеше қызықты өмірді бастан өткеріп, олардан жаңа эмоциялар ала алады.

Актрисаның қоржынында «Сказ о розовом зайце», «Ирония судьбы», «Ликвидатор», «Жүрегім менің – Астана», «Весь мир у наших ног», «Аманат»,»Семь майских дней», «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Я – пышка!» сияқты фильмдері бар. Ал оның комедиядағы алғашқы дебюты Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабина 2» фильмінде болды. Бұдан бөлек, Қарлығаш Мұхамеджанова 2015 жылы Қазақстан-Франция елдерінің бірлесіп түсірген «Голос степей» фильмінде Алтынайдың рөлін сомдап, атақты француз актері Жерар Депардьемен бірге өнер көрсетті.

Актрисаның ата-анасы да Қазақстанға ғана емес, шетелге танымал жандар – анасы Нұржамал Үсенбева – Қазақстанның Халық әртісі, опера әншісі, әкесі Төлеген Мұхамеджанов – атақты композитор.

Туған күн иесін төл мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, шалқар шабыт пен қызықты жаңа рөлдері көп болсын деп тілейміз!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы