Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 шілде, 2020132

Бүгін киногер Игорь Вовнянконың туған күні

Бүгін, яғни 14 шілдеде қазақстандық кинорежиссер, драматург, кинооператор, сценарийші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Игорь Вовнянконың туған күні. Шығармашылық иесі 78 жасқа толды.

Игорь Александрович Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітіріп, операторлық білім алды. Содан Куйбышев телевизиялық студиясында кинооператор болып қызмет атқарды. Бұдан кейін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 1974 жылдан бастап киногер КСРО Кинематографистер Одағының мүшесі атанды, ал 2005 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Кинематографистер Одағын басқарды.

Осы уақытқа дейін Игорь Вовнянко «Необычный день», «Горизонты», «Эй вы, ковбои!», «Однажды и на всю жизнь», «Год дракона» сынды фильмдер түсірді. Бұдан бөлек, ол «Чемпион», «Дыня», «Шоқан Уәлиханов» және тағы басқа көптеген фильмдерде операторлық еңбек етті. Жалпы, өнер иесі 20-дан астам көркем фильмде операторлық қызмет атқарды. Оның көркем фильмдерде режиссерлік еткен туындылары да аз емес. Атап айтқанда «Урановый тайфун», «Дом у соленого озера», «Долина смерти», «Господи, помилуй заблудивших», «Маньчжурский вариант» сияқты картиналары бар. Игорь Вовнянко сонымен қатар «Кумшалганская история», «Тенгиз», «Австрийские встречи» сияқты деректі фильмдердің сценарийін жазып, оларға режиссерлік те етті.

Туған күн иесін төл мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы