Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 ақпан, 2020412

Бүгін - қазақтың Қыз Жібегінің төл мерекесі

Бүгін кино және театр актрисасы, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова дүниеге келді. Туған күн иесі 69 жасқа толып отыр.  

Ол, шындығында, жан-жақты тұлға. Театрда да, кинода да өнер көрсетіп, талайды талантымен тәнті етті. 1968 жылы жас Меруерт мектепті тәмәмдаған соң, өзінің алғашқы фильміне түсті. «Қыз Жібек» кинотуындысында жас актриса басты рөлді сомдап, содан бері «қазақтың Қыз Жібегі» атанып кетті. Бұдан бөлек, өнер саңлағы талай кинокартиналарда ойнады. Олардың арасында «Ағам менің», «Қосымша сұрақтар», «Ұлымның оралуы», «Тентек балалар», «Аждаһа жылы», «Орнамент», «Кінәңді ақта», «Жауын», «Ақ бақсы» және тағы басқа фильмдерге түсті.   

Актриса отандық қана емес, көршілес елдердің де киносын бағындырды. Атап айтқанда, ол «Қырғызфильм» мен атақты «Мосфильм» студияларының түсірген фильмдерінде ойнады.

Өнер иесінің театрға да сіңірген еңбегі аз емес. Бұл саладағы алғашқы қадамын актриса М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында бастады. Ондағы тырнақалды рөлі – Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман атты кейіпкер.   

Кино, жалпы мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Меруерт Қаратайқызы бірқатар марапаттарға ие болды. Сонымен қатар актриса «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері атанған.  

Автор:  Зарина Смағұлова

Фото:  kazakhfilmstudios.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы