Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 шілде, 2020415

Бүгін режиссер Ермек Тұрсыновтың туған күні

Бүгін, 20 шілде күні қазақстандық кинорежиссер әрі сценарийші Ермек Тұрсынов туған күнін атап өтуде. Киногер биыл 59 жасқа келді.

Кинорежиссер Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді, бұдан соң Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарлық-кинотану факультетін тәмамдады.

Өзінің режиссерлік қызметін ол алғашқы қауымдастықтың өмірі жайында баяндайтын «Келін» атты фильмін түсіруден басталды. Киносыншылар бұл картинаны атақты «Нараям туралы дастан» атты режиссер Сёхэя Имамураның фильмімен ұқсастығын атап өтті. «Келін» кинотуындысын американдық киноакадемиясымен таңдап алынып, «Оскар» сыйлығының «Шетел тіліндегі үздік фильм» номинасының тоғыз үміткерден тұратын қысқа тізіміне енді.

2012 жылдың қазанында режиссер кезекті жаңа картинасын - «Шал» фильмін жарыққа шығарды. Фильм американдық жазушы Эрнест Хэмингуэйдің «Шал және теңіз» атты повесі желісі негізінде түсірілді. Ал 2014 жылы Ермек Тұрсыновтың «Кемпір» атты отбасылық комедиясы көрерменге жол тартты. Кейін бұл фильмді кеңестік «Любовь и голуби» картинасының қазақша нұсқасы деп атап кетті. 2015 жылы трилогияның («Келін», «Шал», «Кенже») соңғы бөлімі - «Кенже атты фильмінің премьерасы өтті. Сол жылдың күзінде Торонтода өткен кинофестивальде режиссердің студенттік жылдары жазған сценарий негізінде түсірілген «Жат» фильмі таныстырылды. Бұл картина кеңес үкіметі билігіне қарсы тұрып, немістермен соғысу үшін майданға баруға қарсы келетін жалғызбасты аңшы жайында. Фильм 2015 жылы Қазақстан атынан «Оскар» сыйлығына үміткер ретінде ұсынылған. Сонымен қатар «Аsia Pacific Screen Awards»-тің «Режиссура саласындағы жетістік» категориясына үміткер атанды. Таллиндегі «Темные ночи» фестивалінің 19-шы салтанатында фильм NETPAC сыйлығына ие болған.

Ал 2018 жылдан бастап Ермек Тұрсынов Қазақстан Республикасының Кинематографистер Одағы басқармасының төрағасы болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызметін атқарып келеді.

Туған күн иесіне зор денсаулық пен қажымас қайрат тілеп, төл мерекесімен құттықтаймыз!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы