Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 шілде, 2020395

Бүгін «ТойХана» фильмі кинотеатрларға жол тартуы керек-ті

1 шілде күні «Брат или брак» фильмдері мен «Ва-банк» комедиясының авторы, продюсер Қуралай Анарбекованың «ТойХана» атты жаңа туындысы қазақстандық прокатқа шығады деп жарияланған еді. Амал нешік? Коронавирус індеті өршіп, ел тұрғандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін билік кинотеатрлар жұмысын ғана емес, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың жұмысына да шектеу қояды.  

Отандық киногерлер қамыққанмен, халық саулығының маңызды екендігін айтып, көпшілікті сақтық шараларын сақтауға шақырады. «ТойХана»-ның продюсері де осыны айтуда.

«Өкінішке қарай, жағдай мәз емес. Айналада ауруға шалдыққан адамдар көбеюде. Кинотеатрлар жабық. Билік те, карантин шараларын күшейту туралы айтуда. Сондықтан біз әзірге күту режиміндеміз. Нақты мерзім жоқ. Алайда барлығы дайын: жоспарлар әзір, плакаттар да басып шығарылған. Барлығымыз кинотеатрларға баруды сағынып қалдық деп ойлаймын. Дегенмен денсаулық әлдеқайда маңызды, сондықтан өздеріңізге абай болыңыздар», - деп жазады Қуралай Анарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Продюсер өзінің жеке карантинін жалғастырып жатқанын да мәлімдеді. Осы уақыт бойы жұмысты жалғастырып, жоспарлар құруда. Әрі жаңа туындының түсірілім жұмыстарына кіріспекші. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қуралай Анарбекова сценарийші әрі режиссер Әлішер Утевпен бірге карантин жайында фильм түсіргелі жатыр.

Бұдан бөлек, продюсер жерлестерің мұңаймауға және берілмеуге баулып, позитивті сақтауға кеңес берді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы