Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 шілде, 2020383

Данияр Алшинов Испания кинофестивалінде "Үздік актер" номинациясына ілікті

Белгілі қазақстандық актер Данияр Алшинов Еуропадағы беделді кинобайқаудың жыл сайын ұйымдастырылып отыратын ерлер арасындағы таңдаулы рөлі үшін берілетін "Үздік актер" жүлдесінің үміткері атанды. 

Танымал отандық режиссер Әділхан Ержановтың "Черный, черный человек" фильмі Мадридте Imagine India кинофестивалінің негізгі конкурсында көрсетіледі. Сондай-ақ, "Үздік актер" номинациясында фильмдегі басты рөлді орындаушы, актер Данияр Алшинов ие болды.      

Әділхан Ержанов, режиссер:                                                                                       

- Мен Данияр номинациялағаныма өте қуаныштымын — өйткені ол кейіпкерді барша жан-тәнімен сезініп, оның психологиялық иірімдеріне дейін тереңінен көрсетіп, өз рөлін керемет деңгейде сомдай алды. Онсыз фильм мүмкін болмас еді.

Бұрын осы жылы Алшинов Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы жыл сайын өткізетін "Сыншылардың таңдауы-2020" сыйлығына "Черный, черный человек" фильмінде сомдаған рөлі үшін "Ең үздік ерлер рөлі" сыйлығына ие болып, марапатталған болатын.

Данияр Алшинов, актер: 

- Бұл менің актерлік мансабымдағы алғашқы халықаралық номинация, сондықтан ол мен үшін өте маңызды әрі жауапкершілігі мол жүлде. Бұл, сондай-ақ, Әділхан Ержановпен бірге дұрыс бағытты ұстанып, алға қарай ұмтылғанымыздың, шығармашылық жолда бір-бірімізді толыққанды түсініп, қолдау білдіргеніміздің белгісі деп ойлаймын. Алда бізді әлі де көптеген қызықты әрі сапалы  жобалар күтіп тұр деп үміттенемін. 

Режиссер   Әділхан Ержановтың   картинасын Short Brothers (Қазақстан) және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен Astana Film Fund (Қазақстан) компаниясының өндірісі. Бас продюсерлері Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашев болды. Бұл драмалық триллер істі тезірек жапқысы  келетін тергеуші Бекзаттың (Данияр Алшинов) тарихын баяндайды, себебі кінәлі адам ретінде басқа жанды Пукуараның (Теоман Хос) үстінен жергілікті полицейлер тергеу жүргізбек болады. Алайда, бұл шикі іске қаланың мықты журналисті Ариана (Динара Бақтыбаева) араласып, шын кінәлі адамды тауып, істің ақ-қарасын ашып алуды талап етеді. Енді тергеушіге осы тергеуді барлық ережелер бойынша, өз тәжірибесі үшін алғаш рет адал түрде жүргізуіне тура келеді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында режиссер Әділхан Ержановтың "Черный, черный человек" кинокартинасы Франциядағы Везуледе өткен Festival International des Cinemas d ' Asie de Vesoul кинофестивалінде арнайы жүлде алып, марапатталған болатын. Фильм конкурстан тыс бағдарламада ұсынылды және Франция кинотеатрлары иелерінің қазылар алқасының марапатына ие болды. 

Данияр Алшынов 1988 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында Ақмола облысында дүниеге келеді. Қазіргі таңдағы отандық табысты актерлердің бірі Данияр балалық шағында актер болып, киноға түсуді тіпті армандамаған көрінеді. Данияр ағылшын тілін жетік меңгерген.  Ядролық физика мамандығы бойынша білім алған студент Данияр болашағын Америка Құрама Штатында елестетті ме, Қазақстандағы оқуын Arizona State University- де жалғастырды. Алайда, Алшиновтың ақырындап түсірілімдерге қызығушылығы арта бастайды. Ол өз дебюттік рөліне  "Ничего личного" кинокартинасында қол жеткізді. Ол үшін бұл өте ерекше тәжірибе бола алды. Ағылшын тілін жетік меңгерген Данияр үшін  шетелдік киноларға қатысуға мүмкіндік бере алды. Содан бері Данияр Алшинов біршама табысты әрі сапалы кинокартиналар мен телесериалдарға түсті. Олар мыналар: Ничего личного (сериал, 2015)., Жаным, ты не поверишь! (2019), Я – жених (2018), Чёрный, чёрный человек (2019), Келинка тоже человек (2017), Келинка тоже человек 2 (2018), Больше, чем кино (2017), Всё из-за мужиков (2017), Районы (2016) кинофильмдері. 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  ticketon.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы