Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 наурыз, 2020415

Дариға Бадықова «Жылдың үздік актрисасы» атанды

«Ticketon Awаrd» мәдениет, өнер және спорт саласындағы ІІІ-ші жыл сайынғы байқаудың қорытындысы белгілі болды. Оның нәтижесінде кино саласы бойынша үш аталымда актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың командасы жеңімпаз атанды.

1794 дауыспен «Жылдың үздік актері» атағын Нұрлан Қоянбаев жеңіп алса, оның «Бизнес по-казахски в Корее» комедиясы 2209 дауыс жинап, «Жылдың үздік отандық фильмі» атауына ие болды. Ал, актриса Дариға Бадықова «Жылдың үздік кино актрисасы» аталымын еншіледі.

Айта кетейік, «Жылдың үздік актер» номинациясынан Жасұлан Өмірбек, Нұртас Адамбай, Дәурен Серғазин, Мейірғат Амангелдин, Әбунасыр Серіков, Нышанбек Жубанаев пен Мейіржан Төребаевтер үмітті еді. Нұрлан Қоянбаевтен кейін ең көп дауыс жинаған Нышанбек Жубанаев болды – 1352 дауыс.

«Жылдың үздік актрисасы» аталымы үшін Альмира Тұрсын, Қуралай Анарбекова, Әсел Сәдуақасова, Динара Бақтыбаева, Әйгерім Мақсұтова, Индира Меңдібаева және Гүлназ Жолановалар бақталасты. Бұл атаққа Индира Меңдібаеваға сәл ғана дауыс жетпеді (6450), одан 151 дауыс артық жинап, Дариға Бадықова оза түсті.

Ал, «Жылдың үздік отандық фильмі» номинациясында «Бизнес по-казахски в Корее» комедиясымен бірге «Томирис», «Аким», «Брат или брак 2», «Красавчики до нашей эры», «Ва-банк», «Каникулы off-line 2», «Аташка на хайпе» картиналары бақ сынады.

«Жылдың үздік шетелдік фильмі» аталымын «Мстители: Финал» фантастикалық картинасы жеңіп алды.

Жалпы, «Ticketon-2020» бәйгесі кино, театр, спорт, концерт, бизнес және қоғам, сондай-ақ, балалар сияқты алты бағыт бойынша жүргізілді. Оның қорытындысында барлығы 65 070 дауыс жиналды. Жалпы дауыс мөлшері бойынша Дариға Бадықова көш басында тұр. Актриса киноға 2016 жылдан бері түсіп келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадамын «Бизнес по-казахски» фильмінен бастады. Бұдан кейін Дариға телехикаялар мен басқа да толықметражды фильмдерге түсті. Тек өткен жылдың өзінде актриса «Бизнес по-казахски в Корее», «Гудбай, мой бай 2» және «Ва-банк» картиналарында өнер көрсетті.

Айта кетсек, актриса Дариға Бадықова бұл бәйгеде алғаш рет бақ сынап отырған жоқ. Ол өткен жылы ұйымдастырылған «Ticketon-2019» мәдени байқауында «Жылдың киноактрисасы» номинациясында өзгелерден оза түсіп, жеңімпаз атанды.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы