Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 шілде, 2020412

Дәрігерлер туралы отандық телехикая дүниеге келді

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы «Инелік» атты жаңа телехикая түсірді. Бұл туралы арнаның әлеуметтік парақшасында жария етілді.

Ұлттық арнаның хабарлауынша, телетуынды медицина саласы мамандарының жанкештілігін, мамандыққа адалдығын, өмір мен өлім арасындағы күреске толы күнделікті ауыр жұмысын баяндайды. Телехикая өздерінің қызығушылығын екінші орынға ысырып, «дәрігердің инеліктей жылдам, төзімді, мұхитты ұшып өтетіндей қасиеті болуы керек» деген қағиданы ұстанған ақ халаттылар адам өмірін бәрінен жоғары қоятынын көрсетеді.

Планета коронавирус індетімен күресіп жатқан тұста әр мемлекет өзінің қауіпсіздік шараларын қабылдады. Қазақстан бірден бірнеше үлкен шаһарды карантинге жауып, барлық жұмысты онлайн форматқа ауыстырды. Елдің ең маңызды саласы - денсаулық сақтау саласының алдыңғы шебінде тек дәрігерлер мен фармацевтер қалған еді. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп, әр науқасты құтқару үшін барын салды. Оларды бүгінгі күннің батырлары деуге толық негіз бар. Сондықтан осындай жандардың еңбегін көрсететін фильм дәрігерлердің рухын көтеріп қана қоймай, халыққа абзал жандардың жұмыстарын ішінен көруге мүмкіндік береді.

Телехикая түсірілімі Алматы облысының Текелі қаласында өтті. Фильмдегі басты рөлдерді Салтанат Қалиева, Ақберген Жұмабаев, Назгүл Қарабалина, Мейіржан Нұров, Сұлтан Алтынбай, Нарқыз Тамабай және тағы басқа актерлер сомдады.

Дәрігерлердің ерен еңбегі мен төзімділігін дәріптейтін «Инелік» телехикаясы алдағы уақытта арна эфирінен көрсетілетін болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @qazaqstantv

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы