Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 қыркүйек, 2021387

Дарынды режиссер – Асқар Ұзабаев

Талантты жас киногер Асқар  Ұзабаев халық арасында өзінің кинокомедияларымен танымал. Ол 1983 жылы 7 сәуірде дүниеге келген. Алматы қаласының тумасы елге толықметражды «Ғашық жүрек/ Коктейль для звезды» жобасымен атақты болды. Ол тек режиссерлік қызметпен шектелмей, түсірген фильмдеріне өзі продюсерлік етіп әрі сценарийін жазған. Оның туындылары өнерсүйер қауымның ыстық ықылысына бөленген.  

Асқар Ұзабаев өнер саласының барлық бағытында өзін сынай жүр. Мәселен, ол 16 киножобада режиссерлік тұрғысынан шыңдалса, 10-нан астам фильмнің сценарийін жазып, продюсерлік те қызмет еткен. Оның кино саласындағы тырнақалды туындысы «Ғашық жүрек/ Коктейль для звезды» фильмі. Айтулы фильмді продюсер Баян Мақсатқызымен бірге жүзеге асырған. Сонымен қатар, сценарийін Данияр Күмісбаевпен жазған.  2010 жылы кинокартина көрерменге жол тартты. Басты рөлдерді: Мөлдір Әуелбекова, Мейрамбек Беспаев, Баян Алагөзова, Айгүл Иманбаева секілді өнер жұлдыздары сомдаған. Сол жылы шыққан фильмдердің үздігі атанып, кассалық жиналымы бір миллион АҚШ долларын құрады. Фильм сюжеті бойынша балалар үйінде тәр­бие­ленген  дарынды қыздың өмірі суреттеледі. Оның асқақ арманы әнші болып үлкен сахнада өнер көрсету. Алайда, қанша талпынса да, қолдаудың болмауы тығырыққа тірейді. Ал, кездейсоқ жайттың арқасында продюсер Баян Мақсатқызының қолында тәрбиеленді. Өнеріне ел-жұрт тәнті бола бастады. Десе де, ару жүрегінде бұрыннан орныққан жан бар. Ол сол заманның жарық жұлдызы – Мейрамбек Беспаев. Талантымен ел арасында тез тарап, даусымен көпті аузына қаратады. Сәйкесінше, сыңғырлаған үніне Мейрамбекте ғашық болып, екеуі танысып махаббат хикаясы өз жалғасын табады. Сонымен қатар, туындыда Баян Мақсатқызының продюсер мансабындағы қиыншылықтары да көрсетілген. Сахнаның сыр­тындағы өмірде болатын сатқындық пен алауыздық, әділдік пен әділетсіздік жайын­да көрерменге шынайы бейнеленген. «Көп жылдар бойы бейнеклип түсіріп, бірден ауқымды жобаны игеру оңайға соқпады» - дейді режиссер. Араға жылдар салып, Асқар Ұзабаевтың Гәкку арнасына берген сұхбатында осы жобаға көңілі толмайтынын айтты.

Фильмдері: 

"ВУЗеры" – қазақстандық теледидар тарихындағы ең танымал комедиялық телехикая. НТК арнасынан көрсетілген ситком жанрындағы сериал 4 маусымға  ұласқан. Бірақ, режиссер тек бірінші бөлімін ғана түсірді. Сериалда мегаполиске еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттердің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Жуас мінезді Баха, айлакер Толик, жергілікті бұзақылар - Габа мен Хама, көп қыздың арманы Жандос – өмірдегі барлық кейіпкерлердің жиынтығы іспеттес. 2012 жылы жарық көрген телехикаяда: Еркебұлан Мырзабек, Асхат Мажит, Марат Оразалин, Жания Джуринская, Сая Оразгалиева, Рауан Рамазанов, Рамис Құлахметов секілді халық арасында танымал актерлар ойнады.

Отандық киноиндустрияда спорт бағытында түсірілген дүниелер аз. Басым көпшілігі әлеуметтік немес тұрмыстық тақырыппен шектеледі. Бірақ, ойлы режиссер «Қазақфильм» киностудиясымен біріге «Жол»(«Путь боксера») көркем фильмін түсірген. 2013 жылы толық дайын болғанымен, прокатка киностудияның материалдық жағдайына байланысты жарық көрмеді. Десе де, былтыр оқылықтың орны түзеліп, «Қазақфильм» киностудиясы  «Youtube»-тағы ресми парақшасына салған. Бүгінгі таңда «Жол» кинокартинасы 600 мыңнан астам қаралым жинады. Көптің көңілінен шыққанын 200-ге жуық қалдырған пікірден білуге болады. Айтулы фильмнің түсірілімі Алматы қаласының тар көшелері мен аты шулы базарларында өткен. Фильм сюжетінде айбарлы жігіттің арманын аяқ асты етеді. Жігері тасқан баланың мақсаты кәсіпқой боксшы атану. Оның жолында Темірлан күндіз базар шарлап нәпақасын тапса, кешкісін ел алдында жекпе-жекке түседі. Ал тапқан табысын жаттығу залында шұғылдану үшін жинайды. Уақыт өте, дегеніне жетіп білікті тренермен күн демей, түн демей өзін шыңдайды. Алайда, белесті бағындырып, жетістікке жеткені барлығына ұнамады. Осылайша, ол қос қолынан айырыла жаздап, дәрігер бокспен шұғылдануына үзілді-кесілді қарсы болады. Десе де, қайтпас мінезі мен табандылығының арқасында тайсалмай, еңсесін тік ұстап, тағы да арман жолында күреске аттанады. Туындының ерекше тұсы көп. Мәселен, тұтастай картинаның ақ-қара түсті фильтрдегі көрінісі, ондағы әрбір детальдің кәсіби тұрғыда беріліп, атмосферасын жеткізгені. Киногердің айтуынша, фильм өзіне де ұнаған.

2014 жылдан бастап Асқар Ұзабаев көбіне комедия жанрындағы фильмдерге көп тоқталып, өзі режиссер, продюсер, сценарист те болған. Атап айтсақ, «Тракторшының махаббаты», «Осторожно, корова!», «Сүрбойдақ», «Гламур для дур», «Келинка тоже человек –1,2»,  «5 причин не влюбиться в казаха» және т.б. картиналары бар. Ескеретін жайт, жоғарыда айтылған фильмдер тізбегінде, елге жаттанды актер/әншілер басты рөлге көп таңдалады. Шын мәнінде, коммерциялық комедияларға халықтың назары тез ауады. Ал онда сүйген өнер жұлдыздары түскен болса, қапы да ешкім қалмайды. Сәйкесінше, кассалық жинақ түсімі артып немесе теледидардың рейтингі жоғарылайтыны айдан анық. Көптің көңілін мазалаған сұраққа киногер былайша жауап берді: « Қазақ киносында халық сүйетін актерлар көп, бірақ секс символ жоқ. Мен Тәуекел Мүслімнен, Берік Айтжановтан күттім, бірақ олардан шықпады. Тәуекелдің соңғы түскен фильмінен сол образды көруді қаладым, ол үмітті ақтамады. Салыстырмалы түрде айтатын болсам, Бред Питтің «Троя» фильмінде 6 ай алдын ойнайтынын естіп, оны қалай күттік және сол туындыға 6 рет баратын едік. Актерді көрген бойда оның ержүректілігін, ерлік мысын, нағыз азамат екені көрінеді және қыздар жақтары талғанша айтады. Айтқым келгені, бізде дәл сол кейіптегі тұлға жоқ. Сол себепті, көп кинода бір актерді көре береміз» - деді.

«Қазбат» 2019 жылы Қазақстан ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген әскери телехикая. Оның режиссері – Асқар Ұзақбаев, ал продюсері – Данияр Ибрагимов. Айта кетсек, фильм продюсері «Алтыншы пост» деректі фильмін ұсынған. 10 сериядан тұратын хикая Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік қызмет барысында өткерген оқиғасын баяндайды. Жаудың күші басым болған ұрыста қазақстандық 17 әскери оққа ұшып, 33-і жараланған еді. Кейін барлық 17 сарбаз қайтыс болғаннан соң, бірінші дәрежелі Ресей медалімен, қаза тапқандардың бесеуі екінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Ал мұндай рөлді алып шығу үлкен жауапкершілік пен психологиялық дайындықты талап еткен. Десе де, істің үдесінен шыққандар: Дәурен Серғазин,  Ринат Дошибеков, Рахат Халық, Шарифбек Закиров, Диас Мырзахмет, Индира Шынболатқызы, Жандос Жұмағұлов. Д. Ибрагимовтың болды. Режиссердің айтуынша, түсірілім Алматы облысында таңдалған үш локацияда өтті. Фильм авторлары барынша шынайы болу үшін, қару-жарақ пен жауынгерлік техниканың қолданылғанын атап өтті. Сондай-ақ, түсірілімге ҰҚК Шекара қызметі ұсынған үш әскери тікұшақ тартылды. Қоса кетсек, жобаны жасауға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевта қолғабыс еткен. Оның қолдауымен Ұлттық ұланның жүздеген әскери қызметшілері фильмге қатысты. Кейде картинадағы адамдардың саны 500-ге жеткен. Фильмнің режиссері Асқардың сөзінше, түсірілімдегі  ең соңғы әрі ауыр эпизод – қайтыс болған сарбаздар сценасы. Бұл туралы киногер: «Ең қиын кадр ол көпірде болды, басты кейіпкеріміз біздің жігіттерімізді жалаумен жауып жатады. Осы кадрды түсірген кезде, бізде жаңбыр қондырғысы болды. Біз ол кадрды 7 күн ойластырдық, күн батқан кезде және бір бұл кадрды 15 минут ішінде түсіріп тастауымыз керек еді. Бәріміз сол жақтауды орнатып, түсіре бастағанда, өрт сөндіру машинасының шлангысы жарылып, бәрімізге су құйылды. Ал мониторлар құлдырай бастады және ең соңғы әрі қиын түсірілім күні болды» - деді.

«Хабар» агенттігінің тапсырымен түсірілген «Батырлар жолы» телехикаясы  қазақ  ерлерінің ерліктері туралы суреттеледі. Айтулы туындыда 17 ғасырда өмір сүрген батырлар бейнесі көрініс табады. Сериал XVII ғасырдың басындағы қазақ сұлтандары мен билерінің арасындағы өзара алауыздық аясында өрбиді. Ел басына күн туып, алтау ала болған сәтте, қазақ жерлеріне қалмақтар мен ойраттар шабуыл жасайды. Бұл кезде батырлардың ерлігі мен даналығы халықтың рухын көтереді. Сондай-ақ, фильмде бірліктің мен халықаралық қатынастардың маңыздылығы туралы тақырыптар қозғалады. Тарихи кинокартинада Қарасай, Ағынтай, Таймас сынды баһадүрлерінің есімі неліктен аңызға айналғандығын ашық көрсететіндей. Қоюшы режиссер Асқар Ұзабаев: «Қазақстандық кинода біздің заманымыздың батыры жоқ, біз оның кім екенін білмейміз: ол мүмкін ақша тапқысы келетін адам немесе өз елі мен отбасы үшін бірдеңе жасағысы келетін адам. Мысалы, соғыста Қарасай батырдың ержүректік танытқаны ұнайды. Оның балалары соғыста қаза тапса да, 19 рет жекпе-жекке түсіп бір рет болсын жауырыны жерге тиіп көрмеген. Менің ойымша, оны жігерлендірген басты ой - өз жерін қорғау және қазақ халқының бірлігін сақтау. Тарихи шығарманы көрген қазақ жастары, жеңістің қандай жолымен келгенін көріп, ата-бабымызға деген ұлағаты ұлғаятынына сенемін» - дейді. Телехикая түрік тілдес бауырларымыз түсірген «Эртұғрыл» деректі хикаясына ұқсас. Негізгі актерлік құрамда: Қарасай – Назар Сұлтанбаев, Ағынтай – Әшім Ахметов, Таймас – Жандос Айбасов, Алтынай – Ержан Нұрымбет, Есім хан – Алдабек Шалбаев, Қауумен – Айдос Бектеміров, Бибігүл (Қарасайдың құрбысы) – Мөлдір Мекенбай, Берен –Болат Ұзақов, Лесбек – Дулыға Ақмолда, Иманқұл – Баходур Жалметов кәсіби киноактерлар сомдайды. Сонымен қатар әлемдік жұлдыз Самал Еслямовада бой көрсетті.
«Сценарийді жазған кезде біз тұжырымдама мен көрнекі шешім туралы ойлана бастадық, мен қатыгез кино түсіремін дедім, өйткені сол кездегі адамдар өте аз сөйледі және бәрі күшпен шешілді деп ойлаймын. Сол кездегі адамдар сөздің бағасын, олардың іс-әрекеттерінің бағасын білді, тіпті түсірілімге қарағанда, бәрі өте қатал болатыны анық. Сонымен қатар, сериал қызықты болады деп ойлаймын, өйткені біз "Тақтар ойынындағы", сондай-ақ басқа да әлемдік сериялардағы драмалық негізді аламыз. Бұл тұрақты катарсис, саспенс. Біз осындай үлкен тарихи экшн тарихын жасаймыз, өйткені біздің жастар батыстық сериалдарда тәрбиеленген және егер біреу біреуді өлтірмесе немесе жанжал болмаса, олар ұзақ уақыт бойы көрінбейді. Бізде өте бай сериялар мен көп экшен болады", - деп бөлісті Ұзабаев. 

Дарынды режиссердің басшылығымен «567 creative laboratory» киностудиясы құрылған. Бұл  киностудияның тырнақалды киноөнімдерінің бірі. Қазіргі таңда түсірілім тобы «Адам және Алма» атты жобасын дайындап жатыр.

Автор:  Ализа Абай

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы