Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 сәуір, 2021383

Дарынды режиссер Қанат Бейсекеевтің жүрек тебірентерлік шығармашылығы

Өнерлі елдің оты сөнбес .Соңғы оңжылдық арасында қабілетті әрі дарынды жастарымыз бүкіл әлемге шығармашылығын паш етіп, танымалдылыққа ие болуда. Еліміздің осындай өнерлі тұлғасының бірі- режиссер Қанат Бейсекеев. Табиғи дарын мен ерен еңбегі ұштасқан ерекше тұлғаның шығармашылығына шолу жасап көрейік.

Өнер тарланы Қанат Бейсекеев Нью-Йорк киноакадемиясында digital art and photography мамандығын иенденіп, шығармашылығы жылдан жылға шыңдалып келе жатқан жас дарын. Қысқа метрлі деректі фильмдер түсірумен айналасатын Қанат Бейсекеевтің қазіргі таңда YouTube платформасына жазылушы саны күннен күнге өсіп келеді. Режиссер, оператор әрі продюсер рөлін қатар алып жүрген жас дарын Қазақстанда орын алып жатқан қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтерумен қатар, қарапайым адамдардың өмірі мен тағдыры туралы тағылымды әрі жүректі елжіретер деректі фильмдер түсірумен айналысады. Өнерлі әрі қиындықтарға берілмейтін кейіпкерлер туралы деректі фильмдер шабыттандыра алады. Осыған орай, YouTube платформасында көре алатын деректі фильмдер ретін ұсынамыз.

 ӘЙЕЛ - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ

Деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400 әйел көз жұмады. Ер адам әйелі мен баласына қол көтеретін отбасындағы жағдай туралы баяндайтын фильм. Тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы маңызды проблемалар қозғалады. Сонымен қатар, құрбандардың психологиясын ашатын деректі фильм. «Алдымен келісіп алайық: әйел мен балаға күш көрсету - жай ғана әлсіздік, қауқарсыздық емес, қылмыс» деген сөздер шындықты толығымен баяндайды.

Айта кететін болсақ, режиссер Қанат Бейсекеев. Продюсер:Қайрат Нұрмұғамбетов, сонымен қатар атқарушы продюсерлер :Майя Бекбаева және Ляззат Шатаева. Шығарылымға қатысқандар: Қайрат Нұрмұғамбетов, Канат Бейсекеев, Мәди Мәмбетов. Тимур Балымбетов, Ғалым Қалиақбаров.Дина Смаилова, Ақмаржан Көшербаева, Жанна Уразбахова, Қарлығаш Мелис, Зульфия Байсакова, Әсет Әбдіров, Санжар Мәди.

 СОҢҒЫ КЕМЕ - НЕМҚҰРАЙЛЫҚ, ТУРИЗМ, ҚОҚЫС және ВАНДАЛИЗМ туралы фильм

2020 жылғы локдаун нәтижесінде ел ішінде көбірек саяхаттайтын адамдар саны көбейді. Instagram желісінде Шарын шатқалы, Үлкен Алматы көлі, Көбейтұз көлі немесе Көлсай көлдері жерлерінде демалып жүрген адамдар саны арта түсті. Ішкі туризмнің өсуімен қатар қоқыс пен пластик пакеттердің көптен шашылуы сияқты зиянды әсерлер пайда болды. Табиғатқа қатысты тұтынушылық қатынастан туған вандализмнің ұлғаюы туралы деректі фильм. Фильмнің авторлары мен түсірушілері: Қанат Бейсекеев пен Қайрат Нұрмағамбетов.

ERBOL | Несломленный

Ербол Хамитов Петропавловск қаласынының тумасы 9 қыркүйек 1997 жылы дүниеге келген. Бала кезінен бастап спортты жақсы көрді, екінші сыныптан бастап футбол және күреспен айналыса бастады. 16 жасында жекпе-жек өнеріне қызығушылық танытқан еді. Нәтижесінде, жекпе-жек пен джиу джитсумен шұғылдана бастады. 2017 жылдың шілдесінде Ербол сол аяғынан ауыр жарақат алып, нәтижесінде ампутация жасауға тура келді. Режиссер Қанат Бейсекеев түсірген деректі фильмі батыл, ержүрек рухты жігіт туралы оқиға көптеген адамдарды шабыттандыра алады.

Qazaq boks stili | казахстанские боксеры в Лос-Анджелесе

Қанат Бейсекеев «Хабар» арнасымен бірге АҚШ-тағы қазақстандық кәсіпқой боксшылар туралы деректі фильм ұсынады. Картинаның басты кейіпкері - 2013 жылы әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының қатысушысы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы және оның спорттық олимпиадаға шығу тарихы туралы баяндалатын оқиға. Жәнібек кәсіпқой боксшы карьерасын дамыту мақсатында АҚШ-қа ұшады. Фильмде Мадияр Әшкеев, Сағадат Рахманқұл, Асхат Уалиханов, Мейірім Нұрсұлтанов сынды боксшылар туралы оқиға баяндалады. Сонымен қатар, көрермен тек жаттығулар мен спаррингтерді ғана емес, Америкада тұратын спортшылардың күнделікті өмірін көруге мүмкіндік алады. Картина режиссері мен операторы Қанат Бейсекеев.                                   

Автор:  Әсел Мұртбаева

Фото:  limon.kg

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы