Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 маусым, 2020382

Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева "Оскар за любовь" атты фильмін түсірмек

Продюсерлер Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева "Оскар за любовь" фильмінің түсіріліміне дайындалуда.

Картинаға басты және қосалқы рөлдерге кастинг жарияланды, жаңа кино жобаға кез-келген қазақстандық азаматтар мен азаматшалар, еліміздің әрбір тұрғыны қатысуға өтінім білдіре алады.

Картинаның сценариін Лейла Джи жазған болатын. Бұл туралы Дана Орманбаева өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жариялаған еді. 

Дана Орманбаева:

"Біз мүлде басқа жаңа стильде кино түсірмекпіз. Кинофильм түсіру процесстері және жалпы жұмыс жаңа технологиялар мен заманауи стилистикада жүзеге асырылатын болады. Түсірілім тобы, шығармашылық ұжым және жалпы командамыз өз істерінің нағыз сауатты мамандары. Жүрегінде оты бар нағыз маман иелері. Көрермен бұған біздің кинофильмді тамашалап болғаннан кейін көз жеткізеді деп ойлаймын".

Даут Шайхисламов өз кезегінде басты рөлдерге мүлде күтпейтін және ешкім ойламаған жандар шақыртырылғанын жеткізген болатын. 

Кейінрек Дана Орманбаева өзінің әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларының бірінде кино жобасы туралы ой бөліскен еді. 

Дана Орманбаева:

«Бұл кинотуындының желілік хикаясы ерекше. Кейіпкерлердің өзгеше сомдаған рөлдері, олардың іс-әрекеттері мен мәнді ойлары және пікірлеріне қарап драма есіңе түсіп, сол туралы  ойға шомасың. Әлбетте, кей сахналарда кейіпкерлер бір-бірін мазақ етіп, көңіл-күйді көтеріп, әзілге айналдырады. Себебі, ойын-күйлкі жалпы әзіл бәріміздің генімізде кездеседі, жанымызға жақын екені құпия емес”. 

Костюмдер бойынша суретші Жанар Мирзажанова болады, ал басты рөлдердің бірін актриса Бақыт Мусина сомдайды деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Дәуіт Шайхисламов кино және телевизиялық танымал продюсер. КВН ойындарының жарық жұлдызы, Жоғарғы лигада "Астана.KZ" ұлттық құрамасы үшін өнер көрсеткен. "Рывок", " Откройте дверь, я счастье!» және тағы да басқа көптеген отандық кинофильмдерде бой көрсеткен.  "Қызық радиосы" және "Наша KAZAша" скетчкомының белігілі әрі танымал актері. 2018 жылы Дәуіт Шайхисламов режиссер Анвар Матжанов пен бас продюсер Бағдат Қоджахметов түсірген "Гудбай, мой бай" комедиясына түскен болатын. Фильм қараша айының соңында үлкен экрандарға жол тартып, кино сүйер көреремен назарына ұсынылды. Бұл кинофильм шығарма авторларының айтуынша, Дәуіт Шайхисламов екі маусым бойы басты рөлдердің бірін сомдаған отандық  "Женатики" сериалының толық метражды жалғасы болып есептелінеді. Актер кино саласында өте талантты әрі табысты өнер иелерінің қатарынан. Себебеі, қазақстандық Forbes журналының тізіміне жиі ілігіп, жүйелі түрде табысты әрі жетістігі мол үздік ондықтар қатарынан шығып тұрады. Мәселен, актер Шайхисламовтің көрсетілген кезеңдегі ресми табысы 88,8 млн теңгені құраған. "Құдалар"," Құдалар-2", "Городские легенды – 1, 2, 3" және "Женатики" сериалдарын жарыққа шығарған танымал жүргізуші, актер, продюсер және сценарист. Осылайша, Шайхисламовтың жылдық бағалау табысы 50 млн теңгеге жуық шаманы көрсетіп отыр. Өткен жылдың соңында "Аташка на хайпе" толықметражды комедиясының тұсаукесері өткен болатын. ticketon.kz-тің деректері бойынша, фильм екі апта ішінде 165 млн теңгені құараған. Бұл отандық фильмдер кассасы үшін өте жақсы көрсеткіш екені жасырын емес. Күз мезігілінде "Гудбай, мой бай – 2" комедиясының түсірілімдерін аяқтап, онда Шайхисламов басты рөлдердің бірін сомдады және Рахымбаевпен бірге аталған кинофильмге продюсерлік етті. Фильмнің тұсаукесері 2020 жылдың ақпан айына жоспарланды. Сонымен қатар, өткен жылы Шайхисламов 18 концерт өткізіп, 7 тележобаға атсалысқан болатын. Шайхисламовтың ресми табысы 223 млн теңгені құраған. Ал оның жұбайы Дана Орманбаева Менеджмент және басқару саласындағы магистрлік дәрежесіне ие, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, публицист, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алды.

Дана Қарағанды қаласында дүниеге келген, № 27 орта мектебінде тәлім алды, жергілікті газетте әртүрлі тақырыптар мен тематикаларға мақалалар жазып жүріп, С.М. Киров атындағы ҚазМУ жоғары білім орталығына оқуға түсті.

Оқумен бір мезгілде сол кездегі "Ленинская смена", "Индустриальная Караганда", "Вечерний Алматы" сияқты газеттерімен, сондай-ақ "Қазақстан-1"  және тағыда басқа телекомпанияларымен серіктестік қарым-қатынастықта болды. Сонымен бірге, "Азия Дауысы" студиясымен бірлесіп біршама жобаларды жарыққа шығарған болатын.

Еңбек жолын 1994 жылы "31 канал" телекомпаниясында бастады, онда жаңалықтар редакторы және балалар хабар тарату қызметінің криэйторы болып жұмыс істеді.

1995 жылы ол ұйымдастырған балаларға арналған "Карусель" авторлық бағдарламасы "Алтын Жұлдыз" сыйлығының лауреаты атанған болатын. 1997-1999 жылдар аралығында Дана Гүлжан Ерғалиева мен Борис Стадничук жетекшілік еткен репортердің үздік мектебін бітіріп, танымал "Бірге" бағдарламасы үшін ақпараттық сюжеттер жасай отырып, "МИР" МТРА-мен бірге  жұмыс істеген болатын. 2000 жылы Дана ММУ жанындағы PR бойынша орта мерзімді курстарда тәлім ала бастайды (профессор Алексей ситниковтың шеберханасы) және PR саласында өзін сынап көруге шешім қабылдайды.

Бір мезгілде "НТК – А1", "31 арна" және "Хабар" телекомпанияларымен бірге серіктес болып жұмыс атқарады. 2003 жылы "Командада жұмыс істеу тиімділігі" атты тақырыбында диссертация қорғады. Оның тәжірибесінде  500-ден астам сұхбат пен әртүрлі тақырыптардағы материалдар, 50-ден астам фильм мен бейне новеллалар бар. Батырхан Шүкенов пен оның "Отан Ана" альбомы, Асылбек Ережепов-"Ұлы Жібек жолы", танымал орындаушы Нұрлан Абдуллин мен аспапшы Ғазиза Ғабдрахимованың сәтті промо – науқандарын жүзеге асырды. "Super" жобасының атқарушы продюсері болып жұмыс істеді. Бүгін Дана Орманбаева – еліміздің продюсерлік саласындағы жетекші сарапшы, event management нарығында қызмет көрсететін APM promo group холдингін басқарады. Қазіргі таңда Даут Шайхисламов пен  Дана Орманбаева төрт баланы тәрбиелеп келе жатқан сүйкімді балғындардың сүйікті ата-анасы әрі өз жұмыстарының нағыз шебер мамандары. 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы