Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 қыркүйек, 2020584

Динара Бақтыбаева түскен фильмдер

Отандық кинофильмдерде өзін талантты актриса, дарынды киногер ретінде танытып келе жатқан актрисалар жетерлік. Солардың қатарында үздіктердің бірі бола білген актриса Динара Бақтыбаева өзінің ерекше сұлулығымен көзге түседі. Жас болса да, көптеген картиналарда басты рөлдерді сомдап келе жатқан Динараның шығармашылығы жайында не білесіз? Ол түскен киноленталар шетелдің үлкен экрандарынан көрініп келе жатыр, «Үздік фильм» номинациясы бойынша марапатты иеленуде. Ал өзі “Үздік актриса” атағын алып, көрермендерін тағы бір рет қуантты. Сонымен, танымал актриса Динара Бақтыбаева сомдаған үздік фильмдер мыналар. 

«Каникулы оффлайн 2»

«Каникулы оффлайн 2» кинокартинасының екінші бөлімі біраз адамның сыни пікіріне сепбе болды. Бұл жолғы лентаның сценарийлік желісі бойынша, басты кейіпкер Қайрат есімді жас кәсіпкер қаладағы үлкен компаниядан жақсы ұсыныс алып, холдинг жетекшісі қызметі ретінде өзін сынап көру мүмкіндігіи туады. Оның алдында екі таңдау туады.  Не ауылда ашылған балалар лагері, оның достары, не заманауи зор преспективалы ұсынысты таңдауы шарт. Осылайша, екі жолдың ортасында қалып қойған «Аулкепмтің» негізін салушы өзінің достары Дастан мен Болатты жалғыз тастап қалаға аттанады. Қайратсыз қалған ауылдық лагерь қалай күн кешетін болады? Дастан мен Болаттың қолынан бұрынғы лагерь ахуалын бір деңгейде ұстап тұру қолынан келеді ме? Екінші бөлімнен осы сынды сұрақтардың жауабы бейнеленеді. Фильмнің режиссерлері ретінде белгілі киногер Руслан Акун мен Ернар Құрмашев жұмыс істеді. Басты кейіпкерлердің рөлдерін Мейрғат Амангелді, Бекзат Елеусізов, Еламан Есентаев, Динара Бақтыбаева, Азамат Шарғынов, Мағжан Хамит, Арман Жақсығұлов, Зарина Нұржанова, Арутр Асқарұлы сынды белгілі актерлер мен вайнерлер және блогерлер сомдаған. 

«Дневник безумной женщины» 

Бұл картина қарапайым вайндардан басталып, қорытындысында үлкен толық метрлі кинофильмге ұласқан. Сценарий желісі бойынша, басты кейіпкер Нұрланның өмірінде қызық әрі ыңғайсыз жәйттер жиі орын алады. Сондай ыңғайсыз жағдайдың әсерінен ол өз өмірінде бұрын соңды көрмеген экстравагантты іс-әрекеттер жасайтын әйелді жолықтырады. Оның бойында біртүрлі көрінетін қасиеттер мол және ең ойға қонымсызы оның сақал-мұртында. Оның кім екенін, қайдан келгенін, не мақсаты бар екенін ешкім де білмейді. Комедиялоық жанрда түсірілген картина авторлары жайында сөз қозғайтын болсақ, фильм Еділ Амандықовтың режиссерлігімен түсірілген. Сценарий авторы Карим Қадырбаев. «Ол сіздің өміріңізді өзгерту үшін келеді» атты слоганына ие кинолентаның продюсері Алмагүл Тлеуханова. Басты рөлдерде Нұрлан Батыров, Серік Шәріпов, Әсел Акбарова, Гүлназ Жоланова, Айжан Байзақова, Жәния Джуринская, Динара Бақтыбаева, Жеңіс Омаров, Біржан Ашим, Қуаныш Жылжақсынов сынды тәжірибелі актерлерден, танымал вайнер, блогерлерге дейін бой көрсетеді. 

«Бой Атбая»

Бұл жоба отандық  картиналар қатарында өзінің қиын сюжеттілігімен, ауыр картиналарымен ерекшелінеді. Кинолента Атбай есімді кедей отбасыдан шыққан жігіт жайында баяндайды. Ол өз күнін өзі көріп, көше төбелісімен айналысып, ақша таба бастайды. Атбай қаладағы тастанды ғимараттарды паналайды. Әрқашан отбасымен, жақындарымен қаладағы жақсы үйге көшіп, әдемі жерде өмір сүруді армандайды. Бірақ ол үшін бар күш-жігерін салып төбелесуі керек. Бұл жолды оны әрқашан қолдайтын тек оның достары, жергілікті бұзақылар. Бір күні оны  ауқымды күрес турнирлерін өткізетін ұйымдастырушылар байқап қалып, Атбайды күреске шақырады. Жеңіске жеткен қатысушыға үлкен соммадағы қаражат марапат ретінде сыйланатын болады. Алайда бұл күресте барлығы да алдын-ала шешіліп қойған. Оның қарсыласы жеңіске жетіп, әріқарай халықаралық турнирға өтуі керек. Ал Атбайдың тағдыры басқаша болмақ, ол бұл күресте жеңілуі қажет. Бірақ, Атбай жеңістен оңай бас тарта салмайды. Жақындары мен отбасының өмірін енді ғана жақсарта алатын мүмкіндік туғанда, ол қалайда жеңіске жетуі керектігін түсінеді. Фильм өткен жылы көрермен назарына ұсынылған болатын. Еліміздің белігіл режиссері Әділхан Ержановтың режиссерлігімен түсірілген кинотуынды көптің көңілінен шыға алды. Фильм продюсерлері Серік Абишев пен Ольга Халышева. Отандық бұл картинада Санжар Мадиев, Динара Бақтыбаева, Әсел Садуақасова, Максим Богомолов сынды актерлер ойнаған. Кинофильм Якутты Халықаралық кинофестивальде «Үздік фильм» номинациясы бойынша марапатталған болаты. Әділ қазылар құрамында ресейлік кинорежиссер Борис Хлебников, Эдуард Новиков және Элла Манжева секілді кино саласында айтулы орын алатын белігілі киногерлер болды.

«Черный, черный человек» 

Әділхан Ержановтың таспалаған тағы бір үздік туындысы. Картина бойынша Айдар Шарипов – қоюшы оператор қызметінде, Ғалымжан Молданазар – композитор ретінде, Ермек Өтегенов суретші қызметінде еңбек етті. Кинофильмнің көрсетілімі 2019 жылы қыркүйек айының 23 жұлдызында өткен болатын. Сценарий жазғандар Әділхан Ержанов пен Ролаф Ян Миннебоо. Картинаның желісі бойынша, ауыл маңында қылмыс орын алады. Қайтыс болған жанды өлтірген қылмыскерді табудың орнына тергеуші істі тез жауып, қылмысқа қатысы болмағандарды жазаланушы ретінде көреді. Тексеруге ерінген жергілікті құқық қорғау органдары да бұл істің тез бітуін қалайды. Дегенмен, олардың қалағандары оғай орындала қоймайды. Жағдай туралы есітіп, іс бойынша анық-қанығын ажыратуды қалап, өз зерттеулік жұмысын өткізгісі келген қалалық журналист (Динара Бақтыбаева) бұл іске араласады. Осылайша, жұмбақ күйде жабылған іске қайта тексіріс жұмыстары басталады. Фильмнен Данияр Алшынов, Динара Бақтыбаева, Теомен Хос сияқты актерлер бой көрсетеді. Фильм және оған түскен актерлер талай жеңістерге қол жеткізді. «Сыншылар таңдауы 2020» байқауында «Үздік актер» номинациясы бойынша осы картинаның басты рөлін сомдаған Данияр Алшынов марапатталса, «Үздік актриса» атағы «Черный, черный человек» фильмінің басты кейіпкердің рөлін сомдаған Динара Бақтыбаеваға табысталған болатын. Сонымен қатар, фильм шетелдік кино байқауларда үздік атанып, бірнеше тілге аударылып, көрермен назарына ұсынылып келе жатыр. Олардың қатарында Испания және Франция елдері де бар. 

«Құдалар» 

Отбасылық комедияға белгілі киногер Нұртас Адамбай режиссерлік етті. Бұл фильм екі бөлек отбасыдан шыққан ғашық екі жастың бастан өткерген қызықты хикаясы. Алайда қос ғашықтың ата-анасы, дәлірек айтқанда аналары қарсы болады. Динаның анасы Жаннет қызының ауылдың жігіт таңдағанына және ауылдық құдалармен бір отбасы боларына сейбейді де, қабылдай да алмайды. Ал күйеу жігіттің анасы Райхан өз кезегінде қалалық қыз ешқандай дұрыс келін бола алмайтынына сенеді. Және болашақ құдағиын көрген кезден-ақ ұнатпайды. Екі жастың да аналары балаларының бұл шешімін қолдамай, олар басқа адамға тең екенін дәлелдеумен болады. Бірақ, жүректің қалауымен жүрген екі жастың сезімдері бәрін де жеңеді. Бірақ аналар үшін бұл жәй ғана бастамасы болды. Олар енді той мәселесі мен құдалық туралы сұрақтарды шешуі керек. Бұл оңай емес жолдан екі жақтың құдалары қалай өтпек? Кинокомедияның басты рөлдерін сомдағандар: Нұртас Адамбай, Жан Ізбасаров, Райхан Халиолдина, Дархан Дайырбек, Динара Бақтыбаева және Олжас Рымбаев.

 «Ласковое безразличие мира» 

Кинокартина ауылда өскен қыз бен жігіттің қаладағы өмірін баяндайды. Олардың өмірлік құндылықтарының өзгеруі, қаланың қатал сынақтары мен кей жандардың жасаған ауыр істерін бейнелейді. Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Әділхан Ержанов. Кинолента екі мемлекет Қазақстан және Франция елдерінің бірігуімен жүзеге азып, түсірілген. Драмалық картина бюойынша композитор Нұрасыл нуриддин, қоюшы-оператор Айдар Шарипов, суретші Ермек Өтегеновтер жұмыс атқарған. Маңызды рөлдерді Динара Бақтыбаева, Қуандық Дүйсембаев, Сұлтан Абзалов, Түлеміс Алишев, Гүлжамиля Белжанова, Еркен Губашев, Аркен Ибдимин, Бауыржан Қаптағай, Теомен Хос, Константин Козлов секілді киногерлер ойнайды. Халық назарына  2018 жылы мамыр айының 18 жұлдызында ұсынылған болатын. Фильм біршама ауқымды Халықаралық кинобайқаулар мен фестивальдерде үздік атанып үлгерді.  Атап айтар болсақ, Канн кинофестивалінің "Ерекше көзқарас" секциясы бойынша марапатқа ие болды, Бергенде өткен  Халықаралық кинофестивалі, Монреаль жаңа кино фестивалі, Токиодағы халықаралық кинофестиваль және басқалары. Сондай-ақ, айтулы кинотуынды Қазан мұсылман кинофестивалінде бас жүлдемен марапатталған болатын. 

«Той любой ценой» 

Мақсат жергілікті телеарнада жұмыс істейді. Ол туған әпкесінің тойы қарсаңында мейрамхана жалдауға деп тапсырылған үлкен соммадағы қаражатты жоғалтып алады. Баст кейіпкер не болса да бәріне боаруға дайын. Тек отбасылық мейрамның шырқы кетпесе болғаны. Ол үшін Мақсат өз әріптестерінен көмек сұрайды. Әпкесінің тойы жайында ток-шоу түсіруді ұсынады. Осылайша шоу бағдарламаның қонақтары қарапайым отбасылар болады. Ал ол кезде қонақтарды Мақсат пен оның әріптестері жасырын камераға түсіріп тұрады. Кинокартина режиссерлері Қанағат Мұстафин, Айдын Сахаманов. Ал сцеанрий авторлары: Алишер Утев, Біржан Қабылбаев, Мадияр Нұрманбетов, Қанағат Мұстаффин, Жанат Қасабеков және Айдын Сахаманов. Қоюшы-операторы Саят Жанғазинов, композиторы Никита Карев. Суретшілер қатарында Жандос Қыдырбаев, Джал Ибрагимов және Алена Лузанова бар. Монжын жасағандар Александр Зверев. «Той любой ценой» кинокомедиясының басты рөл актерлері: Серік Шәріп, Айым Сейтметова, Ғани Құлжанов, Азат Сейтметов, Данагүл Темірсұлтанова, Әсел Акбарова, Жан Байжанбаев, Динара Бақтыбаева, Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова, Ерболат Тоғызақов. 

«Оралман из Питера» 

Музыканттар триосы қалаға ауылдық клуб үшін құрал-жабдықтар алуға ұзақ жолға аттанады. Ауылдық аңғалдық оларды бірқатар келеңсіз оқиғаларға алып келеді. Бір жағынан - ауылдың құдіретті әкімі, екінші жағынан-қатыгез қылмыстық қызметкер. Үйге қайтуға, тіпті қарапайым тамақ үшін ақша қалмаған. Олар қала өмірімен біраз текетіреске келеді. Берілмеуге тырысады. Бірақ, оларды бір нәрсе ғана құтқарады, ол әрине –музыка.  Кинофильмнің режисеррі жас талантты киногер Ален Ниязбеков. Басты рөлдерде Дәурен Айдарқұлов, Динара Бақтыбаева және Дина Тасболатова. 

«Так сложились звезды» 

Ресейлік режиссер Сергей Снежкинаның туындысы 2016 жылы көрермен назарына ұсынылған болатын. Кинолента Қазақстан мемлекетінің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын суреттейтін «Елбасы жолы» немесе «Көшбасшы жолы»  киноэпопеясының бесінші бөлімі болып саналады. «Балалық шағымның аспаны» бөлімінен басталған. Ең алғаш рет 2013 жылы үлкен экрандардан көрсетіле бастады. Фильмнің сценарий желісі бойынша, ағылшын тілшісі Астанаға "Ұлт Көшбасшысы" (Елбасы) деп аталған сұхбат алу үшін ұшып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев ағылшын қонағын қабылдайды. Сұхбат Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, тағдыры және тәуелсіздікке қол жеткізудің қиын жолы туралы әңгімесі ретінде өршиді. Президент 1984 жылы Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалғаннан бастап, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі өмірінің ең күрделі кезеңдері туралы қатар айтып, жазушыны жергілікті әдет-ғұрыптармен таныстырады. Кинокартинаның продюсері Тасболат Мерекенов. Рөлдерде: Берік Айтжанов, Хью Фрейзер, Сергей Гармаш, Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова, Алдабек Шалбаев және тағы басқалары сомдайды. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы