Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 қаңтар, 2021636

Dior музасы болған қазақ қызы туралы фильм әлемді бағындыруда

Белгілі кутюр Кристиан Диордың талисманы мен музасына айналған қазақ қызы Алла Ильчун туралы ел ішінде енді ғана айтылып келе жатыр. Қарапайым ыдыс жуушыдан әлем подиумдарының жарық жұлдызына дейінгі Алланың өмір жолы және қызықты карьерасы жайында жақында тұсауы кесілген кітап пен фильмнен біле аламыз.

Өткен жылы Франция астанасы Париж қаласында және Қазақстанда «Алла – восточная жумчужина Dior» кинокартинасының жабық көрсетілімі өткен еді. Фильмде Алла Ильчун туралы тың деректер мен модель жайында қызықты мәліметтер айтылады. Кинолента біршама халықаралық белді байқауларда жоғары дәрежеге иеленіп, көреременнің көзайымына айналып үлгерген. Туынды төрт бірдей халықаралық фестивальде-Crown Mood Mumbai (Үндістан), New York International Film, Awards (АҚШ), Oniros Film Awards (АҚШ) және World Distribution Award-да «Ең үздік деректі фильм» деген номинацияға ие болды.  

ztb.kz

Осы жылы да еліміздің астанасы Нұр - Сұлтан қаласында Алла Ильчунға арналған керемет кеш өткізілген болатын. Кеште фильм авторлары мен өнер сүйер зиялы қауым бас қосты. Тікелей Париж қаласы мен Нұр-Сұлтан арқылы телемост ұйымдастырылған шарада қазақ қызы Алла сұлудың өмірін, оның бойындағы асыл қасиеттері мен қайсар мінезін бейнелеген «Муза Диора» кітабының тұсаукесері өтті.

Ильчунның өмірін зерттеген, деректі фильм мен кітап авторы Берлин Иришев Париж қаласынан тікелей қосылымға шығып, жиналған қауыммен Алла туралы біраз деректермен бөлісті. Сондай-ақ, шарада фильм авторлары және Алла Ильчун өнеріне тәнті жандар жиналды. Олардың қатарында: Алекс Бортолан-Францияның мәдениет мәселелері жөніндегі Елшісінің кеңесшісі, Света Наталья Иванчук – Қазақстандағы Диор Кутюр брендінің басқарушы менеджері, Қарлығаш Абиева – Сценарист/документалист, Максим Напольских – Документалист, Диляра Поншон – Документалист, Галина Зкрияева – Talan Gallery Бас директоры. Тікелей эфирде қосылымға шыққан шара жүргізушісі белгілі тележурналист, елдегі сән әлемінде айтулы орны бар Динара Сатжан болды.

Қазақ тарихындағы мұндай тұлғалар туралы жиі еске алып, олардың өмірі мен атқарған еңбектерін келер ұрпаққа тәлім мен өнеге ретінде ұсынып отыру қажет. Осы мақсатта Экономика ғылымдарының докторы, Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының президенті Берлин Иришев алдағы уақытта Алла Ильчун жайлы көркем фильм түсірілсе деген ниетін білдірді.

Алла сол кездегі сән әлемінің жұлдызы, Кристиан Диордың бағалы қазынасы болды.  Марлен Дитрих, Митцу Брикар сынды сән әлемінің жұлдыздары қатарында болған Алла Ильчунның бойындағы қайтпас қайсарлығы мен нәзіктілігі әдемі ұштасқан.

buro247.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы