Размер шрифта:

Цветовая схема:

06 мамыр, 2020276

ДНК түсірілімдері. Карантиндегі жаңа детектив

Карантин уақытында да отандық киногерлер киносүйер көрерменді жаңа жобалармен қуантпақ. Күні кеше ғана жаңа ерекше фильмнің бастауы қаланып, ұйымдастырушылар қызу жұмысқа кірісіп кеткен.

Жақында біздің киноматографиямыз тағы бір айтулы туындымен толықпақ. Ол әрине отандық кинопродюсерлер мен режиссерлер ұсынатын жаңа картиналар болады. Сонымен, жақында ғана түсірілім жұмыстары басталған жаңа картина “ДНК” фильмі. Карантиндегі детективтің түсірілімдері мен оған дайындық әзірше тек видео байланыс арқылы жүріп жатқан көрінеді. Ол туралы фильм продюсер Пак Николай өзінің жеке инстаграм парақшасында жариялады. Картинаға режиссерлік ететін украиналық танымал режиссер, актер және монтаж маманы Виктор Сухобрус. Ол бұған дейін “В поисках истины”, “Реальная мистика” және “Украина, гудбай” сияқты картиналарға режиссерік еткен. Ол мелодрама, қорқынышты жанрлармен қатар деректі фильмдермен де жұмыс істеген. Сондай- ақ, идея авторлары Светлана Кострыкима, Настя Буданова және Роман Буданов болды. Басты рөлдерді Шыңғыс Қапин, Тимур Ибраимов, Виктория Варлей және Ирина Кудашовалар сомдайды. Халықаралық деңгейде түсірілгелі жатқан картина желісі әлі белгісіз. Дегенмен, жасақталған ерекше құрамға қарап-ақ туындының өте әсерлі әрі сапалы шығатынына көз жеткізуге әбден болады. Кинофильмді Screenlife studio компаниясы түсірмек.

 

Айта кеткен жөн, басты рөлдегі қазақстандық Шыңғыс Қапин бірнеше танымал қойылымдарда басты рөлдерді сомдап келеді. Сондай-ақ, театр және кино актері республикалық көлемдегі телевизиялық жобаларды тізгіндеп, жүргізушілікпен де айналысады.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @serial_producer

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы