Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2020534

Фэнтэзи жанрындағы қазақстандық фильмдер

Қазақстандық киноиндустрияда драма мен комедия жанрларындағы фильмдер басым болғанымен, тылсымға толы туындылар да жоқ емес. Оларды көбі біле бермейді. Біз солардың ішіндегі бесеуін  назарларыңызға ұсынамыз.

 

«Человек-ветер»

Сюжет желісі бойынша шалғайдағы кішкентай ғана ауылға найзағай кезінде аспаннан біртүрлі жаратылыс келіп түседі. Бұл дауыл кезінде үлкен екі қанаттарын жаралап алған қарт адам болады. Үрейленіп қалған халық оны өлтірмек болады, алайда уақыт өте келе оған үйреніп, жайына қалдырады. Тек жалғыз ғана балақай оған нағыз дос болады. Күндердің күнінде осы балақайды құтқарамын деп, қанаты бар Қарт Періште бақилық болады. Ал, кішкентай бала болса, бір күні оның да қанаты өсіп, досының құштар болған көгіне ұшып кетуді армандайды.  

Фильм режиссері – Қуат Ахметов. Ол көрермендерге бұл картинаны 2007 жылы ұсынған еді. Фантастикалық драма Монреалда өткен кинофестивальінде бағаланған болатын. Картинада  Қуандық Қыстықбаев, Аянат Есмағамбетова, Фархат Абдраимов, Гүлнар Досматовалар рөл сомдайды.

 

«Заблудившийся»

Басты кейіпкер отбасымен айдалада адасып, жолда батып қалады. Сол себепті көлікте қалып, түнеуге мәжбүр болады. Таңертең оянса, әйелі де, ұлы да жұмбақ жағдайда ғайып болады. Отбасын іздеуге шыққан ол шал мен бойжеткен тұратын жалғыз тұрған үйге тап болады. Жұмбақ үйдің ерекше тұрғындары оның жанұясы жайында, оның өзі жайында білетін көрінеді. Алайда, барлығын жасырмақ болады. Не үшін?

«Заблудившийся» картинасы - режиссер Ақан Сатаевтың еңбегі. Фильм қалың көпшілікке 2009 жылы жол тартты. Тылсымға толы картинада отандық актерлер Тұңғышбай Жаманқұлов, Алмагүл Рулас, Ильяс Садовтар өнер көрсетеді. Басты рөлді ресейлік актер Андрей Мерзликин сомдайды.  

 

«Книга легенд: Таинственный лес»

2012 жылы режиссер Ахат Ибраев көрермен назарына өзінің сценариі бойынша түсірілген фантастикалық ертегі ұсынды. Анимация мен компьютерлік графикамен әрленген туынды тентек ағайынды Баха мен Таханың шытырман оқиғасы жайында. 

Белгілі бисзнесменнің балалары әкелеріне күнде тосындыйлар жасаумен болады. Тынымсыз оқиғалар қабаттасатын бұл шаңырақта да барлығы мінсіз емес. Не жеймін, не ішемін демейтін тентектерге ана махаббаты ғана жетіспейді. Бір күні балақайлар құдіретті амазон патшайымы жайындағы қызықты кітапқа тап болады. Оған қауіп төнгенін біліп, көмектесуге асығады. Ол үшін жұмбақ орманға аттанады. Патшайымға көмектессе, ол балақайлардың армандарын бірден орындайды екен. Олардың бар арманы – толыққанды отбасы. Алайда, бір мезетте барлығы ойдағыдай болмай шықты. Оларға өгей шешелері қарсы тұрады.  

Фильмде тылсыммен қатар шынайы өмір ұстасып жатады. Фантастика, комедия мен шытырман оқиғалар астасқан туынды отбасының маңыздылығын бала көзімен жеткізеді. Картинада Әлішер Хаиров, Қуан Лекеров, Фархад Абдраимов, Гүлнар Досматова, Жан Байжанбаев, Санжар Мәди, Дінмұхаммед Ахимов, Айнұр Ниязовалар өнер көрсетеді.

 

«Тамагочи»

Фильмнің бас кейіпкері Ника есімді биші күтпеген жағдайға тап болады. Бір қарағанда бала кездегі естеліктерден  қалған тамагочи ойыншығында тұрған не бар деген ойға келесін. Бұл тамақ сұрап, үнемі күтімді қадет ететін кішкентай ғана электронды жануар. Алайда бір сәтте Никаның қолындағы күнісіз ғана ойыншық шынайы тірі адамға айналғанда сана толықтай өзгереді екен.

Фильм 2012 жылы жарық көрді. Оған Салтанат Мурзаника-Яковлева режиссерлік етті.

 

«Бақсы»

 

Режиссер Гульшат Омарованың «Бақсы» фильмі көрген көрерменге әсер қалдырмауы мүмкін емес. Атауына қарамастан, фильм этикалық ауылда орын алған тылсым оғиға жайынан сыр шертеді.

 

Алақандай жерде қарт бақсы Айдайдың өмір сүреді. Адамдар оған ем алып, жоғалған мал-мүліктерін табу үшін көмекке жүгінеді. Оның саманнан жасалған шағын ғана үйшігі мен ішіндегі аспалы үстелі – өзіндік рухани орта. Ал, бақсының өзі болса, осы жерден нәр алатын тылсым күш иесі. 

 

Фантастика жанрындағы драмада қазақстандық актерлер Несіпгүл Омарбекова, Фархад Аманқұлов, Төлепберген Байсақалов, Әсел Абутова, Нұрлан Әлімжанов, Азамат Сатыбалдылар рөл ойнайды.  Фильм 2008 жылы жарық көрді.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kinopoisk.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы