Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 сәуір, 2021375

Фантастикалық жанрда түсірілген отандық фильмдер

Еліміздегі киноиндустрия барлық жанрда даму үстінде. Қазіргі таңдағы қазақстандық кино салада бұрын соңды болмаған жаңа форматтар мен эксперименттер орын алып жатқаны құпия емес. Бүгінгі күні фантастикалық киноленталардың өз жерімізде түсіріліп, жаңа деңгейге көтереліп келе жатқандығы көңіл қуантады. Сол себепті назарыңызға осы жылы жарыққа шыққан  креативті су жаңа картиналарды ұсынамыз. Өзгеше форматта түсірілген қысқа метрлі фильмдер қандай? Тамашалап, өз бағаңызды беріңіз!

«Айару»

кадрдан алынған

Қазақстанда түсірілген фантастикалық фильмдер ретін отандық «Айару» кинолентасы бастайды. Фильм жақында ғана YouTube видео-платформасында жарияланып, көрермен назарына ұсынылған болатын. «Qyzyqta! Production» студисының авторлығымен түсірілген картина бүгінгі таңда көрермендер арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Қысқа метрлі фильм небәрі 8 минутқа жалғасады. Қазіргі таңдағы актуалды тақырыпқа айналған ғаламтор тақырыптары, интернетке деген тәуелділік, экранның арғы жағындағы әдемі өмірге қызығу, шаблонды идеалистік мәне осының бәрі бір жүйелікпен дәл осы фильмде қозғалады.

Фильмнің сценарилік жүйесі бойынша, қазір әлем біршама алға жылжыған. Қоғамдағы іс-әрекеттер, қызмет көрсету мен ойын-сауық орталықтардың барлығы ғаламторға байланып, техника мен иллюзияға айналған. Адам күші азайып, олардың орнын темір роботтар басады. Жұмыссыз жүргендер көбейіп, барлық қызметтер автоматтандырылған режимде жүзеге асатын болады. Міне, осындай дәуірде адамдардың қолындағы смартфонның орнын «Ilens» деп аталатын көзге арналған линза алмастырады. Оның көмегімен адамдар көз алдында кез-келген ақпаратты біліп, көріп, тамашалай алады. Бірақ жұмыссыз қалған басты кейіпкердің ондай қымбат линзаны тұтыну үшін қаражаты жетпейді. Оған енді ғана сынақтан өтіп жатқан жаңа жүйелендірілген линза ұсынылады. Бірақ ол линзаның өмірін түпкілікті өзгертетінен оның хабары жоқ. Жас жігіт өз арманындағы, идеал бойжеткенді жолықтырады. Басқалардан ерек санайтын Айару есімді қызға ұсыныс жасамақ болады, алайда оның қиялы көз алдындағы адамның пайда болуына әсер еткенін кеш түсінеді. Қызыққа толы хикаяның көрерменге ұсынар тұщымды ойы не болмақ? Шын мәнінде бізді осындай болашақ күтуде ме?

Кинолента қысқа метрлі форматта түсірілген. Кино авторлары тағы да басқа қазақстандық бірнеше  фильмдерді түсірген. Атап айтсақ, олар: «Брат, срочно теңге керек», «Толпа Дома» секілді киноленталар. Сонымен қатар, аталған картинада Азиялық құрылық бойынша ұймдастырылған  48HFR фильм байқауында үздік атанып, техникалық жағынан ең мықты деген мадаққа ие болған.

«Айару» фильмінің шығармашылық ұжым мен түсірілім тобына тоқталатын болсақ. Фильмнің режиссері Арман Сапиолда, ал операторлық жұмысты атқарған маман – Нұртасов Салауат. Сценарий авторлары: Арман Сапиолда және Нұртасова Салауат. Жобаға Асхат Шынәлі мен Баубек Әуезхановтар продюсерлік еткен болатын. Дыбыс режиссері – Дастан Күмісбеков. Рөлдерді сомдағандар: Аршат Ғалымов, Айжан Сұлтан, Баубек Әуезханов, Асхат Шынәлі және Айжұлдыз Адайбекова. Кинолента Алматы қаласында, жастарға танымал аудандарда түсірілген болатын.

«Ұя»

«Ұя»  кинофильмі өз туған ата-анасынан бас тартқан баланың хикаясын көрсетеді. Осы мақсатта бала кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының қалауымен немесе олардың қысымынан құтқарумен айналысатын ұйымның көмегіне жүгінеді, одан бөлек мұндай балалар үшін олардың ойындағы жаңа ата-ана табуға өз көмектерін беретін ұйым. Әзірше бала өзіне лайықты ата-ананы іздеумен уақыт өткізіп жүргенде олардың құрамына «ата-ана рейтингін» бақылайтын маман қосылады. Дәл осы рейтингтің нәтижесі бойынша ата-аналық құқықтан айырылып не иеленуге мүмкіндік бар. Басты рөлдерді Айнұр Ниязова мен Берік Айтжановтар сомдаған болатын. Картинаның режиссері ретінде жұмыс істеген – танымал әрі талантты клипмейкер, дарынды режиссер Айторе Жолдасқали. Ол осыған дейін «Шекер» веб-сериалына режиссерлік етті, сонымен қатар отандық  Darkhan Juzz және  M ' Dee сынды жастар арасында танымал болған орындаушылардың бейнеклиптерін түсірген болатын.

«Шоқан»

кадрдан алынған

«Шоқан» — режиссер Қуаныш Бейсековтың дебюттік қысқаметражды фильмі. Фильмде 2040 жыл сипатталған. Сюжет бойынша мектептердің бірінің оқушылары өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық тақырыбына зерттеулер жүргізеді. Ол үшін оқушылар виртуалды шындық көзілдірігін киіп, өткенге үңіледі. Осы уақыт аралығында фильмнің басты кейіпкері сол кездегі қиындықтардан өтетін қызды кездестіреді. Картинаның тұсаукесері өткен жылдың 27 желтоқсанда өтті. Жоғары технологиялардың әсерінен болашақта мектептерде, балаларға арналған білім ордаларында сабақ бұрынғыдай болмайтыны жасырын емес. Сол кездегі қызықты әрі жұмбаққа толы хикаялар орын алады.

Отандық қысқа метражды фильм жұмбақ оқиғалар мен хикаяларға толы. Фильм көрермен назарына осы жылдың он сегізінші қаңтарында ұсынылған болатын. Айта кеткен жөн, жаңа форматтағы жаңа жоба көрермен көңілінен шығып, халықтың назарын бұруды. Көпшілікке жалпы сюжет және формат ұнаған болса, басқалары фильмдегі балғындардың актерлік шеберлігін ерекше бағалап кеткен болатын.

Кинолентаның авторларына тоқталар болсақ. Сценарий авторы және режиссер Кука. Кинопродюсерлері -Мағжан Мәдиев және Марат Шәкен. Композиторлары –Джамалхганжа және Дидар Исахан.

«Ояну»

кадрдан алынған

Бүгінгі тізімді қорытындылайтын тағы бір кинокартина «Ояну» деп аталды. Қысқа метражды киолентаның ерекшеліктері мен басқа картиналардан қарғанда айырмашылғы айырықша мол. Фильм еліміздің бас қаласында түсірілген болатын. Ал жоба үшін басты геолокация ретінде 2017 жылы өткен халықаралық «Эскпо» көрмесінің символына айналған Экспо Шар ғимараты таңдалып алынған. Дәл осы ғимараттың таңдалғаны бекер емес, себебі фильмнің ерекше жанрда түсірілуі, картинаның форматы үшін бұл заманауи ғимараттың теңдессіз үлескені анық.

Режиссер Фархат Құлбаевтың «Ояну» фильмі американдық «Қара айна» сериалының стилінде түсірілді. Фильмнің премьерасы 18 желтоқсанда өтті. Фильм 2037 жылы болған жағдайларды суреттейді. Әлем 4-ші өнеркәсіптік революциядан кейін жаңа заманға бейімделуге тырысуда. Көптеген мамандықтар жойылып кетеді, бұл жаппай жұмыссыздықты туғызады, ал адамдар мұндай өзгерістерге әлі дайын болмаған еді.

Сонымен, фильмдегі басты рөлді сомдаған актерлер қатарында халықтың сүйіктң киногерлері бар, олар: Асылхан Төлепов, Аян Өтепбергенов, Айман Молдабекова, Айгерім Қалмұратова және Елхан Есенбайлар бар. Жобаға Мадина Шинбекова продюсерлік еткен болатын. Картинаның қоюшы-режиссері – Фархат Кулбаев. Сценарий авторлары: Фархат Кулбаев пен Олжас Бекмухамбетов. Ал қоюшы- операторы – Асылхан Мельдебеков. Суретшісі – Бағдат Қожахметов. Фильм композиторлары: Дюков Олег пен Ислам Суннатов. Трюктердң қойған режиссер – Бауыржан Абишев. Каскадерлері: Іңкар Каримова, Серікқазы Тлебалды, Жандос Исаев, Алмат Тұрлыбаев, Еркін Мекебаев, Бекзат Сағижанов.

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  astanahub.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы