Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 мамыр, 2020486

«Где мое кольцо?» фильмінің премьера күні белгілі болды

Қазақстандық эстрада жұлдызы әнші Айқын Төлепберген жаңа фильмінің шығатын уақытын хабарлады. «Где мое кольцо?» комедиясы алтыншы тамыз күні прокатқа жол тартады. 
 

Сюжет желісі бойынша Асқар есімді жас жігіт сүйікті қызына тосынсыйға гүлдер салонын әзірлеп жүр. Алайда, қыз тұрмысқа шығуға ұсынысты күтіп, салонға аса қуана қоймайтын тәрізді. Онымен қоса, жігіттің бұл сыйлығы гүл шоқтарының арасына жүзігін салып кетіп, жоғалтып алатын қарақшының кесірінен ойдағыдай өтпейді. Енді ғашықтар әшекейді тауып беруі қажет. Әйтпегенде, өмірлеріне қауіп төнеді. 

Фильмге әншінің өзі продюсер болса, Шерхан Таңсықбаев операторлық қызмет етті. Ал, Дархан Саркенов фильм режиссері болды.  

Отандық комедияда Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали, Рүстем Жаныаманов, Құмар Лұқманов, Нұрсұлтан Жақсыген, Нышанбек Жұбанаев, Гүлнар Сильбаева, Құралай Анарбековалар рөлдер сомдайды. 

Айта кетейік, толықметрлі комедия осыған дейін тоғызыншы сәуір күні шығады деп жоспарланған еді. Алайда, елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты кинотеатрлардың уақытша жабылуы себепті премьера күні шегерілген болатын. Енді, міне, отандық көрермен жаңа кинотуындыны тамыздың алтыншы жұлдызында тамашалай алады деп жоспарланып отыр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы