Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 шілде, 2020463

Грек-Рим күресі жайлы сериал жарыққа шықты

Алғаш рет грек-рим күресі  туралы отандық туынды көрермен назарына жол тартты. Телехикая Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылған.

Елімізде спорттық тақырыпта отандық жобалар мен картиналар көптеп таспалануда. Олардың басым бөлігі бокс және күрес секілді бағыттарды қамтиды. Ал бұл жолы бүгінгі таңға дейін әлі түсірілмеген ерекше спорт түрі саналатын грек- рим күресі жайында телекартина көрерменге жол тартқан болатын. 

   Грек-Рим күресі- еуропалық спорт түрі. Бұл ежелгі спорттық бағыттардың біріне жатады. Бұл күресте қарсыластар арнайы ұтқыр техника арқылы бір-бірін тепе-теңдіктен айырып,  жылдам жеңуге тырысуы қажет. Бұл күрестің ережесі бойынша, басқа спорт түрлері секілді аяқтан шалуға, қолмен ұстауға тыйым салынады. Грек-рим күресі алғаш рет Ежелгі Грецияда пайда болып, Рим империясында ерекше дамыды.  XIX ғасырдың бірінші жартысында Францияда грек-рим күресінің заманауи, жанданған түрі пайда болды.  ХХ ғасырдың ортасынан бастап бұл күрес түрі қазіргі атауына ие болды.

 Жоба барысында спорт, махаббат және қарапайым отбасылық жағдайларды бейнелейтін телехикая. "Күрес" телехикаясының оқиғалық желісі бойынша, нағыз спортшыға тән шымыр қасиеттерді бойына сіңірген басты кейіпкер Омардың арманы-шынайы махаббатын жолықтырып, әлемдік аренада чемпион атану еді. Ол бұл мақсаттары мен армандарына жете алады ма?

Телесериалдағы басты рөлдерді: Ернар Себетов, Ақбота-Нұр, Амина Мектепбаева, Айдос Ауесбаев, Лиза Серикова, Ринат Дошибеков, Ақбар Жармағанбетов, Бибарыс Орман, Әлібек Омарбеков, Бақытгүл Қалимұратқызы, Мағжан Орда сынды актерлер сомдайды. Картинаның продюсері Ақылбек Досжанов. Продюсердің көптеген отбасылық кинофильмдер мен телевизиялық жобалар жасайтын белгілі "BAS Production" продюсерлік орталығы бар. Бүгінгі күнге дейін орталық: "Вузеры", "Патруль", "Ауылдастар", "Бөрі", "47 баланың анасы", "Көкжал" секілді көп сериялы туындыларды жарыққа әкелген. Идеялық авторлары Олжас Нұрбай мен жоба продюсері Ақылбек Досжанов. Қоюшы оператор ретінде Әлібек Әміржанов және қоюшы-режиссер ретінде  Олжас Нұрбай жұмыс істеген. Телехикая отандық «НТК» телеарнасында көрсетіледі.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  кадрдан алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы