Размер шрифта:

Цветовая схема:

18 қыркүйек, 2020220

«История Цивилизации» отандық картинасы Америкада көрсетіледі

Жаннат Алшанованың «История Цивилизации» картинасы Hamptons International Film Festival кинофестивалінің байқау бағдарламасына кірді. Бұл туралы режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«История Цивилизации»-дің американдық премьерасы Хэмптон халықаралық кинофестивалінде өтеді. Бағдарламаға барлығы 5 фильм іріктеліп алынды», - деп жазады Жаннат Алшанова.

Иә, отандық картина қатысатын қысқаметражды фильмдер бағдарламасында сонымен бірге Колумбия мен Оңтүстік Африкадан бір-бір фильмнен және АҚШ-тан екі туынды бақ сынайды.

«HIFF-ның серпінді қысқаметражды фильмдерінен тосын нәрселер күтіңіз. Әлеуметтік әсерлі драмадан бастап, адамды баурап алатын деректі фильмдер мен қызықты ойын-сауыққа дейін әркім өзіне керегін табады», - делінген HIFF ресми сайтында.

Сюжет желісі бойынша жас ғалым Қазақстандағы үйін тастап, Лондонда жаңа өмір бастамақ болады. Көшер алдында жоспарын қайта саралап, шағын эксперимент жасамаққа бел буады. Жаннат Алшанованың 15 минуттық қысқаметражды картинасы өткен жылы Алматыда түсірілген. Кинолентада Ақмарал Зыкаева мен Айдар Әлімбаевтер рөлдер сомдайды. Бұл фильм олар үшін дебюттық картина саналады. Фильм сценарийін режиссердің өзі жазды.

Айрықша техника және баяндау мәнерімен ерекшеленетін қысқаметражды әңгімелер байқауы болашағы зор режиссерлердің тың көзқарастарын бағалайды. Байқау жеңімпазы 500 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйақыға ие болып, Academy Awards-тың тікелей эфирде өтетін «үздік қысқаметражды фильм үшін» байқауына қатысу құқығына ие болады. Айта кетейік, Хэмптондағы кинофестиваль биылғы жылдың қазан айының 8-і мен 14-і аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Жанат Алшанованың «История Цивилизации» қысқаметражды фильмі Локарно кинофестивалінің күміс барысын жеңіп алды. Ал қазір картина қыркүйектің 10-ы мен 19 аралығында өтіп жатқан Торонто кинофестиваліне қатысуда.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  filmguide.hamptonsfilmfest.org

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы