Размер шрифта:

Цветовая схема:

11 наурыз, 2021371

Камера! Мотор! Ален Ниязбеков кезекті туындысының түсіріліміне кірісті

Биылғы жыл жас режиссер Ален Ниязбеков үшін табысты болмақ. Киногердің «Без крыши» атты жаңа фильмінің трейлері жарияланып, жарыққа шығатыны туралы айтылғаны кеше ғана, енді, міне, кезекті туындыны қолға алатындығы белгілі болып отыр.  

Режиссердің «Моя большая казахская семья» атты жаңа туындысының не жайында болатыны әзірге белгісіз, алайда фильмді жасаушылар картинада танымал актерлік құрам, қызықты оқиғалар, махаббат пен үлкен достық көрініс табатынын хабарлап отыр.

Актерлік құрам демекші, кинолентада орталық рөлдердің бірін Әсел Садуақасова сомдайды екен. Танымал актриса әрі продюсер бұл фильмде тең продюсерлік те етпек. Туынды сценарийін жазған Нұрмахан Ахметов болса, картинаны таспалайтын оператор Айдар Оспанов болмақ. Кино елдегі ірі кинотеатр желісінің бірімен және танымал қазақстандық киносыншы Кәрім Кадырбаевпен бірлесіп түсіріледі.

Фото: @kinopark_kz

Айта кетейік, режиссер үшін «Моя большая казахская семья»  жобасы бесінші толықметражды фильмі болмақ. Осыған дейін Ален Ниязбеков «Оралман из Питера», «Каникулы в Тайланде», «Бизнес по-казахски в Корее» және «Без крыши» картиналарын түсірген.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы